- Серік сөз басын туған жер, өскен ортадан бастасақ?
- Мен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келдім. Балалық шағымның керемет кезеңдері осында өтті. Тоғызыншы сыныпқа дейін №209 орта мектепте білім алдым. Тоғызыншы сыныптан кейін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің үрмелі-соқпалы аспаптар бөліміне түстім. Колледжді бітірген соң Алматыға келіп Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына грантқа оқуға түсіп, кларнет(үрмелі аспап) классын бітіріп шықтым.
- Өзіңіздің жанұяңыз туралы айта кетсеңіз?
- Мен қарапайым, көп балалы отбасынан шыққан баламын. Ата-анам қарапайым жандар. Әкем Жарылхасын - күрішші, анам Қалдан - зейнеткер. Үш әпкем, екі қарындасым, бір ағам бар, жанұяда жеті баламыз. Үш әпкем, бір ағам отбасын құрған, ал екі қарындасым жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
- Бала кезіңізде қандай болдыңыз, қазіргі Серікпен бала кездегі Серіктің арасында айырмашылық бар ма?
- Ата-анамның айтуынша бала кезімде өте тынымсыз, бұзық бала болғанмын. Үш жасымнан ән айтуды бастадым. Айырмашылық жер мен көктей деп айта алмаймын. Себебі, сол бала кезден бастап қалыптасқан мінез, сол еркелік әлі де бар сияқты, тек есейгенім болмаса (күліп).
- Қандай байқауларға қатысып, бағыңызды сынап көрдіңіз?
- Мектеп қабырғасында жүрген кезімде аудандық, облыстық, республикалық «Бозторғай», «Әнші балапан», патриоттық әндер байқауларына, республикалық конкурстарға қатысып жүрдім. Сол байқауларға дайындап, әндерін беріп, музыкалық колледжге түсуіме бағыт сілтеп көмектескен композитор әрі музыкант ағайым Құлахмет Нәлтаев. Сол кісіге алғысымды айтқым келеді. Колледж қабырғасында жүріп, Республикалық үрмелі-соқпалы аспаптар конкурсының дипломанты болдым. Одан бертін келе ел ордамыз Астана қаласының туған күніне орай «Ән жүрегім Астана» атты байқау өтті. Байқауға арнап Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған «Ән жүрегім Астана» атты ән шығардым. Осы әнмен бас жүлдені жеңіп алдым. «Түрквижн» байқауынан «Вокзалда қауышқан қыз» (сөзі Құрманай Бақтиярқызынікі, әні Ғалымбек Исмбергеновтікі) әніммен екінші кезеңге өттім. Екінші кезеңге қырық бес адамның он алтысы ғана өткен болатын. «Саз әлемі» бағдарламасында Талғат Сарыбаев атамыздың «Пысық жеңгелер-ай» атты әнін орындап, ретро-хит номинациясын жеңіп алдым.
- Қазақта домбыра, қобыз сияқты аспаптар көп, бірақ саксафон таңдауыңызға не себеп болды?
- Тоғызыншы сыныптан кейін колледжге тапсырған кезімде негізі вокал бөліміне түскім келген болатын, бірақ оған жасым жетпеді. Өтпелі кезең болғандықтан даусым әлі қалыптаспаған еді, сол үшін ол жердегі мұғалімдер үрмелі-соқпалы аспаптар бөліміне тапсыруыма кеңес берді. Ол кезде даусым жіңішке болатын (күліп). Кларнет деген музыкалық аспапты көрсетіп «егер осы аспапта ойнасаң, саксафонда да ойнай аласың» деді. Содан кларнет класына түстім, қосымша саксафонда ойнауды да үйреніп алдым. Қазір жеті аспапта ойнай аламын. Кларнет, саксафон, блогфлейта, гитара, домбыра, барабан және фортепиано.
- Демек өзіміздің ұлттық аспатарда да ойнайды екенсіз, біз білмейтін тағы қандай өнеріңіз бар?
- Өнерім енді шыңдалып келе жатыр,болашақта көресіздер.
- Ән тұмарыңызға айналған 30-35 жыл бұрын орындалған «Пысық жеңгелер-ай» әнін орындауға кім себеп болды?
- Менің продюссерім әрі өнердегі әкем, үлкен сахнаға алып келген, менің осындай дәрежеге жетіп отырғаныма бірден-бір себепкер болып отырған кісі ол - Алтынбек Рахметов. Алтынбек ағаға алғысым шексіз, Алла разы болсын! Осы орайда Арман Темірбек, «Каспий» тобының мүшесі Айбар Серкебаев деген өнер саласында жүрген ағамдай болып кеткен азаматтарға алғысымды айтқым келеді. Сол кісілер мені Алтынбек Рахметов ағамызбен таныстырды. Алтынбек ағаның алғаш ұсынған әні «Пысық жеңгелер -ай» болатын. Бұл марқұм болып кеткен Талғат Сарыбаев атамыздың әні. Осы әнмен «Саз әлемі» бағдарламасында ретор- хит номинациясын жеңіп алдым. Үлкен сахналарға да алғаш қадамым осы әнмен басталды.
- Қоржыныңызда қанша әніңіз бар?
- Қазір ән қоржынымда, дуэттермен қосып санағанда 15, 20 шақты әнім бар. «Сағындырған әндер-ай» атты концертінде Мақпал Исабековамен «Өткен күндер» деген әнді орындадық. Ұлжан Айнақұлова апайымызбен айтқан дуэтіміз бар. Әли Оқаповпен «Ертеңіме сенемін» деген ән жаздырдық. Ескендір Хасанғалиев ағамыздың кешінде «Айналайын» әнін басқаша бағытта Тамара Асармен айтып шықтық. «Пысық жеңгелер-ай», «Вокзалда қауышқан қыз», және Абдрахман Асылбек атамыздың сөзіне жазылған өзімнің әнім «Ән жүрегім - Астана», «Көшеде көрген қыз» әні де сөзі де өзімдікі, Төреғали Төралінің сөзіне жазылған өзімнің әнім «Кел маған», Жаяу Мұсаның Ақ сисасы, Лұқпан Жолдасов ағамыздың әні, т.б. әндер.
- Өнер жолында жүргендіктен міндетті түрде сын айтады, көз-қарасыңыз қандай?
- Әрине халықтың алдында жүрген соң сынды да, мақтауды да көп естіп жатамыз. Сын түзелмей, мін түзелмейді дегендей, менің ойымша сын айтылғаны дұрыс, жалпы халықтың пікіріне оң көзқараспен қараймын.
- Шығармашылығыңызда соңғы қандай жаңалықтарыңыз бар?
- Өздеріңіз білетін «Вокзалда қауышқан қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, қазіргі таңда отандық телеарналардан көрсетіліп жүр. Алда жазға қарай жаңа бейнебаян болады. Жақында гастрольдік сапардан келдім. Жоспарым тек жаңа әндер жазу, тоқтамай жұмыс істеу. Қазір жаңа әндер жазып жатырмын. Жақында «Базар жоқ» театрымен бірге Қазақстанның барлық қалаларына гастрольдік сапарға шыққалы жатырмыз.
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
- Ата-анамның және Алтынбек ағаның үнемі айтып отыратын кішіпейілділік, адамгершілік, адалдық, және еңбекқорлық. Міне, осылар менің өмірлік ұстанымым.
- Продюсеріңіз үйленуге болмайды деген сияқты талап қоймайды ма?
- Бұл өмірлік жағдай болғандықтан, ондай талап қойған жоқ.
- Сұхбатыңызға рахмет! Сізге тек шығармашылық табыстар тілейміз!
- Рахмет!
Сұхбаттасқан: Думан Гүлбаршын