Гостиницы в Алматы
2017-12-14 16:48:36 17 0

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

"Келесі жылы үлкен жоспарлар күтіп тұр: өзім өнер көрсететін салмақта көш бастап, барлық белбеуді жинап алу, шаршы алаңға 2018 жылдың ақпан айында ораламын. Бұл кездесуде IBF WORLD белбеуіне таласамын", - деп жазды Тұрсынғалиев өзінің парақшасында.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 10-шы  қараша күні Мексикада өткізіп, қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті. 22 желтоқсан күні ол Мехикода екінші жеңіл салмақтағы IBF белбеуінің жастар арасындағы чемпиондық жекпе-жегі үшін кездесу өтеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Хосе Гонсалес (6-0, 5 КО) болады.

Пікір жазу