Гостиницы в Алматы
2017-12-21 16:27:10 32 0

Алматыда 30 желтоқсан күні өтетін жекпе-жек кешінде өнер көрсететін Әли Ахметовтың қарсыласы белгілі болды. Ахметовке  бұл жолы 28 жастағы әзербайжан боксшысы Исмат Эйнуллаев қарсылас болады.

«Біздің Әлидің қарсыласы - Әзербайжаннан келетін Исмат Эйнуллаев. Жасы 28-де. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, соның 12-сінде жеңген, екі рет жеңілген. Исмат бұрын бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Бірақ ол жас, жетіле түсіп, жартылай ауыр салмаққа өтті. Бұл боксшыны егжей-тегжейлі зерттеген жоқпыз, мұнда шаршы алаңға шығып, жеңу қажет. Келесіде Әли Ахметовпен НВО келісім жасасуға мүдделі болып отыр. Сонан соң біздің боксшыға аты шыққан спортшылармен кездесу өткізудің сәті түседі», - дейді оның бапкері Сағатбек Мұсаханов.

Айта кетейік, Әли Ахметов кәсіпқой рингте 2016 жылдың мамырынан бері он жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтады.

Пікір жазу