"Әрине, айтылып жатқан, жазылып жатқан сөздердің барлығы жүрекке тиеді. Бізді қызтекелер деп жатыр, басқа ұлттан қаржыландырылған деп жатыр, жеке басымызға тиісіп, ата-анамызға дейін балағат сөздер айтылып жатыр. Өнеріміз бен стилімізді бұрмалап, қауесет сөздер таратып жатыр. Мұның бәрі негізсіз. Мен мұның бәрін жинап, осылай айтқан адамдарды сотқа беруіме де болады. Бірақ мен агрессияға агрессия ретінде жауап бергім келмейді. Қазір біз достарымызбен жиналып, осыны халыққа қалай дұрыстап түсіндірсек деп ойластырып жатырмыз" - деді Ерболат.
Сонымен қатар, бұл топ жастардың сұранысынан туындаған соң шығып отырғанын және өз еліміз түгіл, шетелді мойындатып жатқанын айтты: "Мен осындай стильде өнер көрсетіп жүргеніме 16 жыл болды, ешқашан жолымнан тайған емеспін. Жастарымыздың 90%-ы шетел музыкасын тыңдайды, солардың сұранысына байланысты, солардың тұтынып жатқан музыкасына байланысты осы "91" тобын құрған болатынбыз. Тобымыздың жанкүйерлері өте көп, тіпті шетелдіктердің арасында фанаттарымыз пайда болып жатыр. Мен өзім мұндайды күтпеген едім. Ал өз елімізде бізді балағаттап жатыр. Әрине, мұның бәрі жүрекке тиеді".
Топ продюсері "91" тобы стильдерін өзгертпейтінін де жеткізді. "Жігіттердің сырға тағатыны, шаш бояйтынында тұрған ештеңе жоқ. Мұның бәрі - образ. Ән қандай болса соған сай образ болады. Мысалы, лирикалық ән айтылса, соған сай образ таңдалады. Былайша айтқанда, актерлер басқа адамның образына қалай енсе, олар да солай рольға еніп, өнер көрсетіп жүр. Сондықтан жұрт жігіттерді бекер айыптап жатыр" - дей келе Беделхан әркім өз ісімен айналысса деп кеңес берді: "Жалпы айтарым, мен мысалы журналист немесе инженерге барып, "мынаны былай істеу керек" деп ақыл айтпаймын ғой. Мен өз саламның маманымын, өз саламдағы адамдарға ғана кеңес айтып, сын айта аламын. Сол сияқты әр адам өз ісімен айналысса деймін".
Әлеуметтік желілердегі толассыз сынға қарамастан "91" тобы шығармашылығын жалғастырып, жаңа ән жазуға кірісіп кетті. Жігіттер қыз балаларға арнап "Lady" әнін жазу үстінде. "Орда" тобының репертуарындағы бұл әнді жігіттер жаңа аранжировкамен, жаңаша леп беріп ұсынбақшы.

Пікірлер