Бұл ретте қазақ киносының Анасы атанған Әмина Өмірзақова сомдаған барлық рөлдерге тоқталуға болады. Алайда біз үшін қазақ киносындағы ең алғашқы Ана бейнесі ол – соғыс уақытында өз сүйіктілерін, ұлдарын үлкен сағынышпен күткен, түн ұйқысын төрт бөліп, күндіз майдан үшін аянбай еңбек еткен, өмірдің барлық ыстығы мен суығына төзген ана бейнесін «Ана туралы аңыз» фильмі. Бұл фильмде ана бейнесі отбасының ұйытқысы ғана емес, отанның символы ретінде де бейнеленді. Фильмінің соңына қарай кейіпкер хат оқитын дәрежеге көтеріледі. Өйткені, бар өмірі майданнан үшбұрышты хат күтумен өксіген ол өздігінен сауат ашып, ақыры ауылдың хат тасушысы болады. 1964 жылғы Ленинградта өткен бүкілодақтық кинофестивальде Әмина Өмірзақова «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесін жеңіп алды.
Көшпенділіктен отырықшылыққа көшіп, таптық бөліністен кейін, өз құқығын қорғаған қазақ әйелдерінің де бейнесі кинодан тыс қалмады. 1940 жылы жарыққа шыққан «Райхан», «Дала қызы», «Ботагөз» фильмдері осының айғағы. 1963 жылы экранға шыққан «Менің атым – Қожаны» балалар фильмі деп қабылдағанымызбен, Бекен Римова сомдаған Ана образы қандай десеңші? Баласының әрбір қылығы үшін жер шұқыған Ана ұлының тәрбиесіне соншалықты адал болғанын аңғарамыз.
Шәкен Айманов режиссерлік еткен «Тақиялы періштедегі» Тана апайдың рөлінен аттап өте алмаймыз. Әмина Өмірзақованың керемет сомдауындағы Тана жеңгей, сүйікті ана бейнесі сол уақытта көрерменге қажет болғаннан туған кейіпкер. Ауылдан - қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы –анасы, және сүйікті әйелі болу керек» -деген ұранмен қала ішінде келін іздеп баласына «жеңгетай» болады. Шытырман оқиғалар мен естеліктерге арналған фильмнің соңы сәтті кездесу, қос тойдың қуанышымен аяқталады. Бодандықтың құрсауындағы түрлі ұлттар араласқан кеңестік кезеңде туса да, фильмдегі Тайлақ пен Тана – ұлттық шеберханадан туған бейнелер.
Қазақ кино өнерінің алтын тірегі атанған «Гауһартастағы» Ана образы да құндылығын жойған жоқ. 1977 жылы тұсаукесері Мәскеуде өткен фильм күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің керегесі - алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады.
Бұдан бөлек Ана бейнесін қалыптастырған «Заман-ай» сынды фильмдерде қазақ киносының алтын қорында сақтала бермек. Әмина Өмірзақова, Бекен Римова, Жанна Қуанышева сомдаған Ана образдары бүгінгі қазақ қыздарына үлгі, келіндеріне өнеге.
Е.Шәкірұлы