Гостиницы в Алматы
2014-11-22 22:12:41 1323 0

Ғаділбек Жаңай  ұлды болды

«Жылама жаным» әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан әнші Ғаділбек Жаңайдың шаңырағында үлкен қуаныш орын алды.

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2013 жылы наурыз айында Жаңайлар отбасы тұңғыш қызбен толыққан болатын. Ал енді міне, биыл араға бір жыл салып  екінші бүлдіршін дүниеге келді. Әншіге жары шекесі торсықтай ұл сыйлады.  Осы орайда «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Instargram-дағы парақшасында Ғаділбек Жаңайға «Ғаділжан, балапаныңның бауы берік болсын! Өзіңдей өнерлі, иманды жігіт болып өссін»,- деп құттықтау сөз жазған.

Пікір жазу