Гостиницы в Алматы
2016-04-12 16:20:44 2813 1

Олар дарынды, әдемі, тартымды. Өнер саласында өз жолдарын тауып, өз орындарын айқындады. Ендігі мақсат - келін атанып, ана болу. Назарларыңызға жасы отызға таяп қалса да бойдақтықпен қоштасуға асықпайтын шоу бизнестегі сылқым арулардың тізімін ұсынамыз.

Мақпал Исабекова

Мақпал Исабекова 1984 жылы дүниеге келген. 2014 жылы Баян Есентаеваға берген сұхбатында тойдың ауылы алыс емес деген болатын. Алайда Мақпалдың АХАЖ табалдырығын аттағанын көрмедік. Бір кездері жігітінің түрін көрсетпей, бірге түскен суреттерін Инстаграмға жиі салатын әнші, соңғы кездері жеке өмірін құпия ұстайтын болған. Соңғы рет жұрт оны Әлішер Кәрімовке қосқан болатын. Алайда олардың арасында достықтан артық ештеңе жоқ сияқты.

Әсел Сәдуақасова

Жақында ғана "Замуж в 30" фильмінде басты рөлді сомдаған Әсел Сәдуақасоваға рөлге ену қиын болған жоқ. Себебі өзі де отыздан асып барады. Алайда әнші, әрі актриса неке суын ішіп, АХАЖ табалдырығын әлі аттаған жоқ. Бұған жеке өмірінде орын алған қиын жағдайлар себеп болуы мүмкін. Біраз уақыт бұрын актрисаның жеке өмірі БАҚ беттерінде кеңінен талқыланды. Актрисаның бұрынғы жігіті алаяқ болып шығып, пәтерін тартып алған болатын. Бұл оқиғадан кейін ол өмірлік серігін таңдауда өте абай болатынын айтқан.

Інжу

Әнші Інжу соңғы кездері шығармашылықтан бұрын фитнес-кәсібіне көбірек көңіл бөлгендей. Ол дұрыс тамақтану, фитнеспен айналысып, денсаулықты нығайту орталығын ашқан. Жұмысбасты болса да әнші жеке өмірін де ұмытпаған. Әншінің Инстаграмдағы парақшасынан жүрегін жаулаған серінің бар екенін байқадық. Бәлкім тойдың да ауылы алыс емес болар?

Жансая Мусина

Айтскер ақын Жансая Мусина айтыстағы жалғыз мінім - тұрмысқа шықпағаным дейді. Себебі қарсыластары әр айтыста оған тұрмысқа шықпағанын айтып, тиіседі. Бұған айтыскер әрдайым ұтқыр әзілдерімен жауап береді. Жалпы айтыскердің стилі әзілмен айтысуға негізделген, әрі эстрада әндерінің мақамына салып айту да оның фишкасы деуге болады. Ержүрек, батыл, әзілқой айтыскердің жүрегін әлі ешкім жаулап үлгермеген сыңайлы.

Жанар Дұғалова

Жанар Дұғалова да қалаулы қалыңдықтар қатарында. Талантты әнші, сазгер қыз сұхбаттарының бірінде өмірінде болған үлкен махаббат хикаясы оны ән жазуға шабыттандыратынын айтқан болатын. "Махаббатсыз өмірдің еш мәні жоқ. Махаббатсыз шығармашылық та болмайды. Мен ең алдымен ана бақытын сезінгім келеді. Маған өзіммен қатарлас жігіттер ұнайды. Үлкен еркектермен қарым-қатынас құра алмаймын" - дейді Жанар.

Луина

29 жастағы Луина заңды некеде болмаса да, жігітінің бар екенін және онымен бес жыл бойы бірге екенін айтқан болатын. “Мен асықпаймын. Біз бес жыл бойы біргеміз және мен той туралы көп ойланбаймын. Менің өмірім жақсы. Мен күн-түн демей қыдыратын жандардың қатарынан емеспін. Менде барлығы бірқалыпты. Қысқа көйлекті өзім сымбатты болған соң киемін. Оның үстіне біреудің ырқына көнетін жастан өтіп кеткендіктен, көпшіліктің пікіріне құлақ аспаймын. Мен жеке өмірімді жасырмаймын, жақын достарым мен әріптестерім біледі. Біз қарым-қатынасымызды БАҚ өкілдерінің алдында жарияламаймыз. Бар болғаны бір күні той болатын күннің жақындап қалғанын жариялаймын. Әзірге бұл жоспарымда жоқ”- дейді Луина.

Кәмшат Жолдыбаева

Камшат Жолдыбаеваны шоу бизнестегі көптеген әртістерге қосады. Соңғы рет Кәмшатты әнші Кенталмен қосқан болатын. Алайда, бұл қауесеттің тарауына әншілердің өзі себепкер болды. Кейін бұның өтірік екенін айтып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Кәмшат жеке өмірін құпия ұстайтын әншілердің қатарында.

Гүлбахрам Байбосынова

"Қара шаңырақ", "Айжан" телехикаяларының жұлдызы Гүлбахрам Байбосынова осы жылы 29 жасқа қадам басқалы отыр. "Қара шаңырақтың" аяулы келіні шын өмірде әлі келін атанған жоқ. Дегенмен, бұл оның үлкен арманы екенін жасырмайды. Ол Алтынайдан көп нәрсе үйренгенін, болашақта келін болып жатса, одан алған сабақтарын өмірде іске асыратынын айтады.

Жазира Қошанова 

"Қоңыр" тобының солисі Жазираның да әлі басы бос. Сұхбаттарының бірінде ол үнді актері Акшай Кумарды жақсы көретінін айтқан және егер соған ұқсайтын жігіт болса тұрмысқа шығуға ойланып көремін депті. Бәлкім Жазираға Акшай Кумар сияқты жігіт жолықпай жүрген болар?

Нұрбигүл Егізова

Биыл 30 жасқа толатын актриса, тележүргізуші Нұрбигүл Егізова көпшілікке әншілік қырынан да танылып үлгерді. Тіпті театрда да бағын сынап көрген өнерлі әртістің жеке өмірінде бағы жанбай жүр. Сұхбаттарының бірінде тағдыр оны өмірлік серік болатындай адамға кездестірмей жүргенін айтқан.

Айша Байбосынова

Бір кездері "Дауыс International" тобында өнер көрсеткен Айша Байбосынова қазірде жеке әнші ретінде танылып жүр. Ол да қалаулы қалыңдықтардың қатарынан орын алды.

Анар Аязбаева

"Асыл" тобының әншісі, қобызшысы Анар Аязбаева да бойдақтардың қатарында. Жеке өмірі екінші орында қалғанымен, Анар мәнсабында жетістікке жетті. Топтың ең белсенді орындаушысы, лидері деуге болады. Әрдайым бағдарламаларға қатысып, сұхбат беруден қашпайды.

Пікірлер

  • Мусиева Гульдана Тынышбаевна
    Иа, тек əншілердің арасында емес біздің касымызда да бойдақтар көп ау.Негізі 20 жаска дейін тұрмысқа көзді жұмып тұрып шығады, ал жиырмадан кейін көзі ашылып, көкірегі оянып ана жері анадай фу, мына жері мынадай фуу деп, фулары кобейіп кетеді.Сөйтіп фулап жургенде, фумен бірге бу болып жаксы жігіттер ұшып кетеді.Сосын сан согады

Пікір жазу