Әкем анамды атқа өнгеріп, 14 жасында алып қашқан. Екі ене көрген. "Бала емеспін бе, абысындарыммен ойнаймын. Кейде қозы қуалап жүріп ойнап кететінмін, бірақ енем келін екенімді еске түсірген кезде сабама түсетінмін"-дейді күліп. Сол кездегі бүкіл ес басына түскен нәубет пен бүкіл қазақ әйелдеріне түскен ауыртпалықтың бәрін көрген менің анашым. Әкем Ащысайда шахтада істеген, 14 жасынан бастап үлкен екі отбасын асыраған. Оқ жасайтын заводта істеген, майданға оқ жіберіп отырған. Өмірінің соңына дейән жұмыс істеп, отбасына әкелік борышын өтеп кетті.
Анам дүниеге байланбаған адам. Бәрімізге білім беруге тырысты. Әкем де ақкөңіл, мәрт адам еді. Бізге "Жар таңдауда қателеспеңдер, балам, оқығын, оқыған, көкірек ашық , көзі ояу адамда түсінік мол болады"-деп айтып отыратын. Сол мәрттік анам да да бар. Ешкімнен қолынан келген көмегін аямайтын. Кімге не берсе де, молынан беруге тырысатын. Ешкіммен санаспайтын. Ауылдағы абысын-ажындармен өте тату тұрды, көбі анамның ақылын тыңдауға келетін. Анамның туралығынан, тазалығынан, шыншылдығынан тайсалатындар да болды. Анам философ, психолог болатын. Бейпауыт сөйлеп, былапыттап әңгіме айтуды білмейтін. Ешкіммен ұрысқанын, бет жыртысқанын көрген емеспін. Өзінің туған абысыны орысшатыстау еді, сол абысыны анам туралы: "она внутренне интеллигентный человек"- деп айтқаны анама берілген нағыз дұрыс сипаттама еді.
93-жылы Алматы облысына қоныс аударып, көшкен кезде бүкіл ауыл болып, жылап-сықтап шығарып салды. Анам маған бәрін үйретті. Күншуақта тізесіне басымды қойып жатам, шашымды саусақтарымен талдап сипалап отырып, еміреніп, айналып-толғанып бар мейірімін төгетін, ыңылдап ән айтып, әндердің тарихын айтып беріп, менің бала қиялымды одан сайын шарықтататын. .. Табиғатқа өте жақын болды. Мені тауға жиі шығаратын. Сол Асыл Анам қазір қартайды. Әлі де сол, барсам, кітапқа шұқиып, немерелеріне ертегі оқып беріп отырады. Жұмбақ жасырып, ән үйретіп, өлең жазып беріп...
Осындай анаға осындай ән қалай тумасын? Бұл ән - менің анама деген шексіз құрметім, басым жерге тигенше иілен кеудем, махаббатым... Солай..."
Ақпарат Айгүл Бажанованың фейсбук парақшасынан алынды