Гостиницы в Алматы
2017-01-20 13:53:46 1409 9

Қытайлық ән өнерінің мамандары Димаш Құдайбергеновке "Тәңір өзі назарына алған әнші" деп баға берді деп хабарлайды Stan.kz.

Әншінің ата-анасы жұлдызды жұп желідегі парақшасында келтірілген мәліметке сүйенсек, қазақстандық әнші жалғыз шетелдік азамат ретінде Қытайдың әлемге танымал 6 жұлдызымен бақ сынайды.

"Бұл жас әншілердің жарысы емес. Әбден қалыптасқан, өнер әлемінде аса танымал, жүздеген миллион көрермендері бар қытайдың жарық жұлдыздары қатысатын кәсіпқойлар додасы. Біздің бала – ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Осы мәреге дейін жету үшін, сіздерге беймәлім, үлкен еңбек, үлкен дайындық болды. Қытайда әлем бойынша жүздеген адамдар ішінен тандау жасалды. Мұнда қатысудын өзі үлкен жеңіс, өйткені, 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы Қазақты танытатын үлкен мүмкіндік. Стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңаша! 2017 жылдан бастап Димаш жаңа қадамға, әлемге қазақ атын таныту баспалдағына қадам басты",-деді әншінің ата-анасы.

Жоба ұйымдастырушылары мен қатысушылары оған "Тәңір өзі назарына алған жас әнші, ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы" деп бағасын берген.

"Дайдидау" әнімен танылған Димаш Құдайбергенов бүгінде Қытайдағы "I am singer" жобасына қатысып жатыр. Жоба жеңімпазы 21 қаңтар күні белгілі болады.

Пікірлер

  • Жарайсың Димаш өзіне бір алла жар болсын. Қазақтың атын шығара бер. Сені осылай тәрбиелеген ата анаңа рахмет.
  • Дамежан
    Димаш қазақтың бағына жаралған жарық жұлдыз. Димаш айналайын жасың ұзақ болсын, тек биіктерден көріне бер. Сені осылай тәрбиелеген ата-әжеңе, әке-анаңа мың алғыс. Айта кету керек, сенің ішкі мәдениетің, қазақы тәрбие бойыңнан көрініп тұр. Сенің мынадай жеңісіңді көріп отырып, үндемей отыру мүмкін емес. Алла әрқашан жар болсын өзіңе. Жарқырай бер, алар асуың әлі алда. Мың алғыс. Аллаға сансыз шүкір, қазаққа осындай ұл берген. Ғұмырлы бол.
  • Семей
    Жарайсын Димаш анши болсан осылай далелде аншилигинди тойда ан айткандарды анши деп аиту киын ау демейтин казак жок Димаш жар болсын жараткан ием.алга
  • Алматы
    Димаш айналайын канатын кенге жайылып талабын орлей берсин казактын беделин арттыра бер.
  • Қарлығаш Ахметова
    Даусыңнан айналайын, Димаш! Өнерің өрге жүзе берсін. Алла тағалам тіл-көзден сақтасын!
  • 21қантәр келісі жылы белгілі боламақын?
  • Шолпан М.М.
    Әнші балам жетістіктерің құтты болсын! Әрі қарай да өнерің өрге жүзсін. Ел мақтанышы болып жүре бер.
  • женя
    сенактобелик димаш канатулы сен казак елин жэне озинди таныта жэне мойындата билдин
  • сауле
    Димаш айналайын сен жеңіске жетесің, бір алла саған жар болсын!

Пікір жазу