Гостиницы в Алматы
2017-01-28 13:26:29 820 2

Қазақстандық актер және продюсер Әнуар Нұрпейісов қандай да бір тілде сөйлеу өзінің жеке құқығы екендігі туралы видеомәлімдеме жариялады. 

Ролик Әнуар Нұрпейісов орысша сөйлейді деп сынайтындарға жауап ретінде түсірілген. Қазақ тіліндегі бұл мәлімдемеде актер өзінің мектепті қазақша бітіргенін жеткізіп, мемлекеттік тілді білетініме күмәндарыңыз болмасын дейді. Сондай-ақ ол қай жерде, кіммен, қашан қай тілде сөйлесетіні өзінің жеке құқығы екенін айтады.

Осыған дейін Әнуар Нұрпейісов Сингапурда жергілікті қытайлардың қытайша емес, ағылшынша сөйлейтіні және оларға ешкім "шалақытай, қытайша сөйлемейсің бе?" деп айтпайтыны туралы видео жариялаған болатын. Бұл жазбаның астында интернет-қолданушылар актерді сынға алып, қазақ тілінде сөйлеуге шақырған еді.

Пікірлер

  • Дүйсенбек
    Құқұқ шынында ауыр. Қазақ мұны хақы бар, өз хақым (қақым) бар дейді. Əнуар, ана тіліңде тым тəуір сөйлейді екенсің. Бірақ орысшаны одан да жүйрік айтып тұрсың. Бұл үшін сені өз басым кіналамаймын. Бірақ фб-да сол жолғы мəлімдемең тіл үйренушілердің кежегесін кейін тартатын сөз. Сен сияқты қос тілді еркін сөйлейтін өнер адамы ана тілін төбесіне көтеруі керек қой. Сол арқылы өзің де көтеріліп жүресің. "Ана тіліңді білсең де болады, білмесең де болады" деген сыңайлы əңгімең өзіңді аяқтан тартқанын көрдің ғой. Ол ана тілінің киесі, фб-дағылардың айтқан сөздерінің күші емес. Алла не үшін жаратты əркімнің өз тілін, не үшін? Анасын, ұлтын сүйсін деп. Сен жақсы əртіссің, атың белгілі ел көзінде жүрген адамсың, осындай бақ берді. Енді ел жүрегіне көшу керек. Ол үшін сен өз құқым дегеннен гөрі, ойымның астарында ана тілімнің құнын төмендетем деген ниетім жоқ еді деуің керек еді. Шынымды айтсам, сенің анау Сингапур жайлы мəлімдемең ешқандай ақтауға келмейді. Соңғысы да соның жалғасы сияқты болып тұр. Өзге тіліңді қажеттік үшін пайдалан, өз тілің күнде аузыңда болсын. Сен сонда ғана қазақсың!
  • Əсен Құсайнұлы
    Бауырым қатты кеттің. Құқығыңды білмеймін, бірақ хақың бар. Білімді болғаның өзіңе пайдалы жүрегіңнен өткіз ана тіліңді жанындағы шала қазақтарға түсіндір. Жарайды ол уақыт өтті. Өткенді кешіру керек. Тəуелсіздік алғалы 25 жыл болды егер тәуелсіздігіміз болса күмəнім бар. Өзін тілін құрметтейтін уақыт болды ғой. Ойланшы егер орыс немесе қытай тілін білемін деп мықты болсаң ресейге қытайға барып дəлелде ал ана тіліңді құрметте мектепте де оқыған шығарсың. Алла тағала сені бекерге қазаққып жаратпаған шығар əлде оғанда күмəнің барма? Көрерменің өзің ұлтың. Сені өсіретінде ағайын өшіретін де ағайын. Көрерменіңнен айырылып қалма. Тəубе де жерге түс өз бауырларыңды жарылқа сені Алла жарылқасын.

Пікір жазу