Гостиницы в Алматы
2016-12-29 16:08:05 122 0

2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға билет сатып алғандар, Алматы қаласынан пәтер ұтып алу мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Универсиаданың дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция жария етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 жастан асқан кез келген азамат Универсиада ойындарының билетін сатып алып, ұтыс ойыны арқылы Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және өзге сыйлықтарға ие бола алады. Пәтерден бөлек, ноутбук, смартфон, планшет, тұрмыстық техника, сондай-ақ, 2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына 2 билет ойнатылады.

Ұтыс ойыны екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2016 жылдың 11 қарашасына дейін сатып алынған билеттер қатысса, екінші кезеңде 2017 жылдың  8 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің барлығы қатысады. Онда сатып алынған билеттің бірегей 9 санды нөмірі ойналатын болады. Ұтыстың шарты ұтысқа қатысушының жасы 18-ден асқан болуы тиіс. Сондай-ақ, тегін таратылған билеттер мен арнайы шақырылған қонақтардың билеттері ұтысқа қатыстырылмайды. Ұтқан билет нөмірін анықтайтын ұтыс ойынына арнайы комиссия бақылау жүргізеді.

Билеттер Алматы (Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы, Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, Меломан кассаларында) және Астана (Хан Шатырдағы, «Керуен» сауда орталығындағы, «Мечта» сауда үйіндегі Меломан кассаларында, MyTown кеңсесінде) қалаларында сатылады. Сондай-ақ, оларды  www.almaty2017.com, www.fisuticket.com, www.kassir.kz, www.biletiastana.kz сайттарында онлайн арқылы сатып алуға да болады.

Пікір жазу