Гостиницы в Алматы
2017-02-24 11:05:00 1398 0

Танымал продюсер Баян Есентаева қызы Айсәуле Бақытбек түрмеде жазасын өтеп жатқан әкесі Бақытбек Есентаевты "отан қорғаушылар күнімен" құттықтады. 

"Мен сені жақсы көремін, әке! Қатты сағындым! Сен менің өмірдегі басты қорғаушымсың. Мерекеңмен құттықтаймын. Біз бәріміз өмірде қателесеміз, кейде кешірілмейтін қателіктер жасаймыз. Бірақ, бастысы мұны уақытында түсініп, тәубаға келу. Біз бәрін жеңеміз, сен мұндай өмірге лайықты емессің, әділеттік орнауы тиіс. Судьялар ұзақ мерзімге үкім кесіп, халыққа бірнәрсені дәлелдегісі келеді. Бірақ, жұртқа бәрібір, халық мұны ертең-ақ ұмытып кетеді. Ал, біз жоқ, ұмытпаймыз, бізге бұл ауыр тиюде. Мен сен үшін соңына дейін күресетін боламын, сенің үйге балаларыңның жанына оралуың үшін қолымнан келгенін істеймін, бәрі жақсы болады", - деп жазды Айсәуле Есентаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Я люблю тебя, Папочка, и очень-очень скучаю! Ты мой самый главный защитник! С праздником тебя! Все мы ошибаемся и иногда даже непростительно сильно, но главное понять, раскается и найти силы идти дальше. Мы со всем справимся, ты не заслуживаешь той жизни, которой сейчас живешь, справедливость должна восторжествовать. По-моему, судьям пора бы перестать пытаться что-то доказать народу, давая огромные сроки резонансным делам, всем наплевать, народ забудет, а мы нет, а нам больно. Я всегда буду бороться за тебя и стараться, чтобы ты вернулся в шикарный, тёплый дом к своим детям, которые ждут тебя❤ всё будет хорошо✊🏽

Публикация от @aissaulebakytbek

Бақытбек Есентаев Баян Есентаеваны бірнеше рет пышақтап, өлтіруге оқталғандығы үшін сот шешімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

Пікір жазу