Гостиницы в Алматы
2016-11-20 21:02:21 103 0

Оралдағы теннис кешенінде 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Junior Uralsk Open турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің тоғыз елінен 63 теннисші қатысқан, рейтингтік турнир болып есептелетін айтулы жарыс қорытындысында қыздар арасында жекелей сында ресейлік Мария Ткачева жеңімпаз атанса, оның отандасы Полина Алтухнова екінші орынды еншіледі. Бозбалалар арасында ресейлік Вячеслав Юлик пен қазақстандық Мәлік Омарханов сәйкесінше бірінші-екінші орынды иеленді. Жұптасып өнер көрсетуде Полина Алтухнова мен Мария Ткачева финалда тағы бір ресейлік Авелина Сайфетдинова мен қазақстандық Дарья Дитковскаяны ұтты. Ал бозбалалардан соңғы бәсекеде ресейліктер Максим Дороднев пен Никита Копылов қазақстандықтар Остап Коваленко мен Диас Мейірбектен басым түсті.

Турнирге қазылық еткен халықаралық дәрежедегі төреші Александр Щербинаның айтуынша, Қазақстандағы теннис корттары негізінен жаттығуға арналса, Оралдағы кешенде түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Сондықтан аталмыш турнир бірінші рет ұйымдастырылса, алдағы уақытта мұны жалғастыруға толық мүмкіндік бар.

Айта кетейік, аталмыш теннис кешенінде қазіргі уақытта 13 топта 130 балғын спортшы жаттығуда. Биыл оларға атақты теннисші Ярослава Шведованың арнайы келіп, дәріс беруі де оң серпін беріп отыр.

Автор: Елжан Ералы

Пікір жазу