Ең алдымен әнші гитараны қалай үйренгендігі жайлы баяндады: "Гитараны алғаш қолға алуыма, ән айтуыма қыздар түрткі болды (күлді). Университетте оқып жүрген кезде мейрамханаға баратын ақша жоқ. Екі бөлмелі пәтер жалдап, отырыс жасайтынбыз. Сондай отырыстардың бірінде жеті қыз, жеті ұл болдық. Асылан деген досым гитараны қолына алып, «Алтыным» деген әнді айтқан еді, қыздардың бәрі соған жабыса кетті. Келесі күні әлгі досыма барып, мені де үйретуін сұрадым. Осылайша екеуіміз бір айдың ішінде екі дауыста ән салатын болдық" - деді әнші.
Нәзік жанды аруларды әншінің жеке өмірі қызықтырды. Әнші алғашқы махаббаты қазіргі жары екенін жасырмады. Онымен 18 жасында танысқан екен. "Бір күні акт залында фортепианомен ән айтып отырсам, қыздардың барлығы жүгіріп келіп қолқа сала бастады. Арасында бір қыз маған мүлде назар аудармай отыр екен. Ол қыз қазіргі жарым еді. Екеуіміз сол жерде таныстық. 10 жыл жүріп, аяғымыздан нық тұрған соң шаңырақ көтердік. Менің жақында шығатын “Каждый день” атты жаңа бейнебаяныма түсті. Аңсар атты ұлымыз бар. Жақында қызымыз дүниеге келеді" - деп жаңалықтың шетін ашты әнші.
Айқын жайлы жастарды тағы бір таңғалдырған дерек, «Superstar.kz» жобасынан кейін әнші мүлде автобусқа отырмапты. Ал, өнерпаздардың депутаттыққа ұсынылуын мұның бәрі пиар үшін, халыққа ақпараттың жылдам таралуы үшін жасалып жатқанын айтты.
Сурет: stan.kz

Пікірлер