Гостиницы в Алматы
2017-04-10 19:07:36 535 0

         Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай «I am singer» байқауының қатысушысы Димаш Құдайбергеннің «Плавалагунаның ариясын» орындауына өз пікірін білдірді.

«Димаш, «Плавлугна ариясын» тамаша орындап шықтың, жарайсың! Сәтті шықты. Музыканы зерттеушілер, әлемнің әншілері сенің орындауыңдағы бұл нұсқаны міндетті түрде бірнеше қайтара көретін болады.Себебі, сен бұл туындыны 22 жасыңда өзге елдің саxнасында, сайыс алаңында, жанды дауыста орындап шықтың. Оның үстіне бұл қызық ария, ерекше вокализ. Бұл жерде 1 грамм қателік жіберуге болмайды. Оны сен өзің жақсы білесің. Сені xит әні жоқ деп сынап жазыпты, кеше бір адам. Бізде сенің дауысыңа лайықты xит ән жазатын (мысалы осы Плавалугна ариясы сияқты) автор бар ма? Жақсы сазгерлер көп қой бізде, бірақ анау әңгіме орынсыз. Сен бүгін бар, ертең ұмытып кететін арзан xитке асықпадың. Бұйыртса, жақсы әндер де табылар. Бастысы ол емес, бастысы сенің дауысың. Хит ән көп әншіде бар шығар, бірақ оларда сенікі сияқты дауыс жоқ. Алға!»,- деді Асхат Садырбай өз парақшасында.

Пікір жазу