Гостиницы в Алматы
2016-12-21 13:34:49 374 0

Баян Есентаева «Қазақ аруы» телехикаясының алғашқы кадрларын жариялады (ФОТО, ВИДЕО)

Баян Есентаева 6 бөлімнен тұратын «Қазақ аруы» телехикаясының түсірілімін бастап кетті. Танымал продюсер желідегі парақшасына түсірілім барысынан көріністер жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін продюсер басты рөлді сомдайтын бойжеткенді таныстырған болатын. Есентаева қазақ киносына жаңа есімді алып келу мақсатында басты рөлге жобаның бұрынғы жеңімпаздарын алмады. Арнайы кастинг жүргізіп, небәрі 16 жастағы Гүлзада Тұрлаш есімді ҚазҰУ студентіне таңдау жасады. Гүлзадамен қатар аталмыш телехикаяда басты рөлді актер Тәуекел Мүслім сомдайды.

Түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Баян Есентаева бір түсірілім күнінің 19 сағаттан аса уақытқа жалғасқанын айтты.

Түсірілім алаңынан, «Қазақ аруы» байқауының әр жылдардағы жеңімпаздарын (Гүлназ Жоланова, Альмира Ахатова), «КешYOU» тобының бұрынғы құрамында ән салған аруларды (Кәмшат Жолдыбаева, Әнел Әрінова) кездестіруге болады.

баяна и камшат

баяна и анель

Есентаеваның өнердегі достары, продюсерлер Ерік Тәстембеков, Алтынбек Рахметов, сол сияқты кинорежиссер Нұртас Адамбай, дизайнер Аида Кауменова мен танымал журналист Айгүл Мүкей телехикаядағы «Қазақ аруы» байқауында төрелік етеді.

Баян Есентаева продюсерлік ететін «Қазақ аруы» байқауы 6 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мұның өзге сұлулық байқауларынан айырмашылығы да сол, қатысушылар бірінші кезекте қазақ тілін, мәдениеті мен әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрін жетік білуі тиіс. Онымен қоса, сырт келбеттері тартымды, бойшаң әрі талантты қыздар ғана «Қазақ аруы» титулына таласа алады.

Пікір жазу