Гостиницы в Алматы
2016-03-30 13:35:22 282 0

Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттері Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның басшылығымен Австрияның Вена қаласына және Словенияның Мариборқаласына гастрольдік сапарға аттанды, деп хабарлайды Baistars.kz. Олардың қатарында әнші Димаш Құдайбергенов те бар.

Әнші шетелдік гастролінен оралған соң, еліміздің барлық өңірлерінде алғашқы жеке концертін бермек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұмытылмас күн» ән кеші 25 қалада өтеді деп жоспарлануда. 9 сәуір Орал қаласы («Жастар мәдениет үйі»), 10 сәуір Ақсай қаласы (Мәдениет үйі), 16 сәуір Құлсары қаласы («Кең Жылыой» Мәдениет үйі), 17 сәуір Атырау қаласы («Құрманғазы» Мәдениет үйі) тұрғындары алғашқы болып жанды дауыста өтетін әншінің жеке концертін тамашалай алады.

Кеш қонағы, Димаштың ата-анасы, елімізге танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар болады. Кеш барысында әнші халық әндерімен бірге, әлемдік танымал әндерді, өзінің репертуарындағы жаңа әндерді де шырқайды. Концерт туралы ресми ақпараттар @dimash_concert инстаграм әлеуметтік желісінде.

Пікір жазу