Гостиницы в Алматы
2016-03-19 13:09:28 361 0

Әнші Ернар Айдар Моңғолияның астанасы Улан Баторда Наурыз мерекесіне орай жеке концертін беріп, моңғол халқының қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Baistars.kz. Концерт аншлагпен өтіп, әншімен суретке түсіп, жүздескісі келетіндердің санында шек болмады.

Солардың бірі моңғолиялық сумошы, 68-ші чемпионаттың жеңімпазы Асашириюдің ағасы Сэржбүдээ Долгорсүрэн болды. Ол әнші мен оның командасын Наурыз мерекесімен құттықтап, арнайы кездесуге келген. Ернар сумошының өзімен кездесуге ықыласы бар екенін білдіргенде, ағасы, әрі концертті Моңғолияда ұйымдастырушы Сырым Тау сумошы Асаширю және оның әкесімен кездесуді ұйымдастырып берген. Кездесу барысында екі елдің татулығы, өнер мен мәдениет жайлы сөз қозғалып, аға-бауыр болып әңгімелесіп қайтқан.

Моңғолияның астанасы Улан Баторға гастрольдік сапар барысында Ернар Айдар қаланың көрікті жерлерін аралап, суретке түсті.

Концерт 6 #монголия Ұұұұмыыытттыыыңбаааааа.. www.ernar-aidar.kz #E_A

Видео опубликовано Ернар Айдар (@ernar_aidar_official)

Шыңғысханмен сеелпии) www.ernar-aidar.kz #E_A Фото опубликовано Ернар Айдар (@ernar_aidar_official)

Ең үлкен етік, ал не дейсіңдер? Моңғолия www.ernar-aidar.kz #E_A

Видео опубликовано Ернар Айдар (@ernar_aidar_official)

 

Моңғолдардың əскери киімі! www.ernar-aidar.kz #E_A

 

Фото опубликовано Ернар Айдар (@ernar_aidar_official)

Пікір жазу