Гостиницы в Алматы
2016-03-29 09:44:06 3054 46

Маржан Сұлтанбай: Күлкім пришла...

Біріншіден, Baistars-тан жазбамды көшіріп алып, өз сайттарына "жаңа мақала" етіп енгізіп қойған журналюгаларға күлкім келді. Менің сөздерімді қиып-қиып алып, соңына: "деп жазыпты Маржан Сұлтанбай... деп сынапты журналист" -сынды бір-екі дежурный фразамен мақала жазудың жаңаша тəсілін ойлап тапқан ғой деймін. Ешқандай аналитика жоқ, журналисттің өзіндік зерттеу-пікірі жоқ... оның аты, қайткенде де - плагиат!!! "Жаман иттің атын бөрібасар қояды" деп сайттарына nur.kz ; shyn.kz деген атаулар тауып алыпты. Ақиқатында osekshi.kz деген атпен шықса - форматтары түсінікті болар еді... қызық қой! Мен апта сайын жаңа жазбамды енгізіп отырам Baistars-қа, олар апта сайын ұрлай ма екен ұялмай??? Көрейік...

Екіншіден, өзгенің дүниесін ұрлаумен қоймай, автордың сөзін бұрмалап: "Маржан Сұлтанбай бұрынғы қазақтардың надан болғанын айтты" -деп жарыса жазыпты.

Screenshot_2016-03-23-00-33-29

Əйтпесе,менің жазбамда тура "қазақтар надан болған" деген сөз жоқ. Ғылым дамымай тұрып бүкіл адамзаттың НАДАН болғандығы өтірік пе??? Сөйлемнің құрылымында кейде жасырын тұратын бастауышты көре алмаса,мағынасын түсіне алмаса - сұрамай ма: тегін консультация беретін едім ғой. Анау Серғали Балажан деген кім? Сайтында не жазылып жатқанын қарамай ма? Əлде бір қазақты бір қазаққа шағыстырып, қораз төбелестіргендей мұрны қызарып қызықтап отыр ма? Ер азаматтардың осындай майда тірлігіне еріксіз күлесің. "Күйіктің де күлкісі бар" деген...

Screenshot_2016-03-23-00-34-08

Үшіншіден, "дəл сайлау қарсаңында мақала жазыпты... қаржының қайдан түсіп жатқаны күдік туғызады..." - деген бықсық əңгіме шығыпты. Сайлауға не қатысым бар екенін түсінбедім, тура сол күні байымның туған күні деп салатымды жасап, дастархан жайып шапқылап жүр едім. Тіпті сайлау округіне де жете алмай қалдым. "Тауықсыз да таң атады" деп, менсіз де депутаттарын сайлап алыпты ел. Құтты болсын ал!!! Одан да сорақысы: менің бейкүнə жазбамды оқып шыққан соң, селдіреген бес тал шашы тік тұрып кеткен болу керек, бір Жазғышбековна мені "діни радикалист" депті. О, тоба!!!!!! Біздің қазекеңнің фантазерлығында шек жоқ-ей!!! Осы жерде реально күлкім пришла болды, 'пришла' болып əлі 'ушла' бола алмай жүр. Журналист деген зерттеп алмай ма "қарсыласын" ??? Мен мұндай блог дегенді 2009 жылдан бері жазып келем. "Еларна", "Хабар" арналарының сайтында шимай-шатпағым неше жыл қатарынан жарияланып келді. Əр түрлі тақырыпта көрермендеріммен пікір алмасатынбыз. Тіпті тюрбанмен жүріп "Хабарда" - "Білгенге - Маржан" бағдарламасын жүргіздім. Ол аптасына 5 рет эфирге шығатын... Ырымға бұрыннан басым кетіп сенбеймін, ол туралы сюжетім "Хабардан" 2007 ж. шыққан. Тюрбанды маған дейін қанша əйел орап таққан, менен кейін де тағады əлі.

IMG_2016-03-26_15-54-46

Ал, діни тақырыпта мен, блондинка, мақала жазала алмаймын. Өйткені, ол үшін арнайы білім болу керек. Сұрақ: мен діни радикалистпін бе? Сол рас болса, онда мен сияқты кең етек көйлек киіп,басына орамал таққан бүкіл Маңғыстаудың əйелдері кіріп кетеді бұл топқа!

IMG_2016-03-24_14-54-45

 

Screenshot_2016-03-24-12-33-45-1

Screenshot_2016-03-24-12-31-06-1

Ал, жалпы қазақтың орамалы туралы мына мақалада əдемі етіп жазылыпты. Оқып көріңіздерші! /арнайы сілтемесін беріп отырмын,шетінен қиып-қиып:"Өз сөзім!" - деп жазғым келмейді. Біреудің еңбегін ұрлау - дұрыс емес,əріптестер!/

Мен - келінмін! Алғашқы күннен ата-енемнің алдында сидаңдап тобығымды көрсетіп жүрген емеспін, үзбей сəлем етем, қайныларымның атын атамаймын, мега современный болса да, қайын апамның көзінше жалаңбас жүрген емеспін. Менің отбасымның өз заңдылықтары мен ережелері бар. "В чужой монастырь со своим уставом не ходят" деген. Əркім өзіне, өз отбасына ӨЗІ жауап береді.

P.S. анау Жазғышбековна туралы сұрастырсамөзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіпелді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі - суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, əйелдің бақыттан жүзі бал-бұл жанып жүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек...

Ааааа... ұмытып барады екем... сыйлықтарға қатысты болса: мені арнайы қаржыландырып отырған ұйым жоқ. Сый ұсынған демеушілер - Baistars сайтына жарнама беруші дүкендер мен салондар. Жəне менің жазбаларымды бірдеңеге үгіт-насихат ретінде қабылдау - ақымақтық! Себебі, саясат пен Маржан Сұлтанбай - Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің Гибралтар бұғазында кездесіп, суларының "қосылмайтындығы" сияқты, араларында диффузия болмайтын екі бөлек дүние.

Əйткенмен, бұл жазбамнан да шу шығаратын бірер сөз тауып алары анық əлдекімдердің. Ооооо! Менің сондай "пиар компаниям" бар, өздері тегін жұмыс істейді. "Осындай пиар компаниям болсааааа..."-деп армандайды ғой əншісымақ көп жұлдыз. Өздері бірдеңе тауып алады...құрастырады...айқайлатып ат қойып, жан-жаққа мақала жазып тастайды... тіпті неше жыл қатарынан мəжілісте отырған кей депутаттарың тура мен сияқты танымал емес-ау, а?!.

Жə-жарайды! Басқа сайттар елдің сасық мусорын төгетін унитазы сияқты əрі қарай да қызмет ете берсін, Baistars сайтында боқтық сөздермен өрілген комменттер жарияланбайды. Иə! Ойын мəдениетті формада жеткізе білген оқырмандарға сыйлық беруді жалғастырамыз. Бүгінгі демеушілеріміз:

1. "Inmode" дүкенінен әйелдерге арналған қол сөмке;

2. "Қазақ энциклопедиясы" баспасы ұсынған бағалы кітаптар;

3. "Adika Perfume" компаниясы ұсынған "Armaf" иіссулары;

4. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына шақыру билеттер;

5. "Jado Production" компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар;

6. Және басқа да серіктестерден бірнеше бағалы сыйлықтар.

 

логооо

Құрметті оқырмандар!!! Ұсыныс-тілектеріңіз болса - жазыңыздар! Қандай тақырыпта əңгіме қозғағыларыңыз келеді? Қандай мəселені көтергеніміз дұрыс? Алдағы уақытта белсенді оқырмандарыммен жүздесуді де ойша жоспарлап жүрмін. Бұрын Астанада OrdaFM тыңдармандарымен кездесіп шай ішетінбіз, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жағдайы мүшкіл отбасыларына көмек ретінде бірлесіп керек-жарақты үйді-үйлеріне жеткізіп салатынбыз. Азамат Исаев бауырымның басшылығымен радио əлі де ондай шараларға атсалысып келеді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, наурызбен бірге тойланатын 3 жылдық мерейтойымен құттықтап қояйын!!!!!! OrdaFMнің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі ретінде, əрине, сағынам! Істеріңізге сəттілік, əріптестер!!!

ЕСКЕРТУ: автордың ойымен келісіпавторды мақтау шарт емес. Қарсы пікір жазсаңыздар да - ар-намысқа тиетін сөздерсіз ойларыңызды таза білдірулеріңіз қажет. Коммент қалдырған əрбір оқырман сыйлықтан үміткер екенін естеріңізге саламыз! Ең бастысықай қала-ауылдан екендіктеріңізді және е-мейл адрестеріңізді жазуды ұмытпаңыздар! Ықыластарыңызға рахмет!!!

 

Басты сурет: Искандер Салиходжаев

P.S: Құрметті оқырмандар, пікірлеріңіз модерациядан кейін жарияланады.

 

Пікірлер

  • Гулбану Умарова 2016-03-28 16:38:35
    Маржаннның қайта оралғанына қуаныштымыз. Ал біреудің жазғанын көшіріп алуға келетін болсақ бəрі де одан жалықты қазір сол үлкен проблема болып тұр. Көп журналистің айтатыны осы көшіріп алғанда ең болмаса атымды белгілеңдер деп те жатады. Кейбір сайттарға тіпті күлкім келеді біреу инстаграмға бірнəрсе жазса құбылтып өзгертіп жазатынына қарным ашады. Сонда халықты ақымақ көре ма қазір елдің бəрі интернетте отырады бұрынғы уақыт емес тек қана газеттен теледидардан тамашалап айтқан өтіріктеріне аузы ашылып отыратын. Құбылтып өзгертіп теріс айналдырып жазбаса екен.
  • Гулзина Амирханова 2016-03-28 17:00:52
    Маржаннын оралганына оте куаныштымын
  • Ақбаян Ерболатқызы 2016-03-28 17:04:30
    Сəлеметсізбе Маржан əпке! Сізді көргеніме қуаныштымын! Сағанып қалдыққой! Мен бұрыннан сіз жазған жазбаларды іздеп жүріп оқимын! Қазір біреудің арқасында өздерін танымал еткісі келетін журналист сымақтар көбейіп кеттіғой.Сондайлардың бірі шығар... Ұрлаудан көз ашпайтын болдық қой...алдымен біреудің əнін,сөзін енді осындай жазбалардыда.Өзіндік ой пікірі идеялары дамымаған сорлылар.
  • Шолпан 2016-03-28 17:06:28
    Маржаннын жазгандары орынды. Кей тустарында артыктау кетти ме деп калдым. Жеке басына катысты жалган акпарат тараткан адамга карсылыгы болар. Басына орамал таккан айел мен сакалы бар ер адам корсе шошитын жагдайга ушырап отырган елге орамалды сонша жексурын кылып корсетип керек емес. Басына орамал салганнын бари дини радикалды топтын мушеси болса......аже,апаларымыз ким болганы бизге дейинги. Бетин жауып жамылса "вахабист"деп шыгамыз, кунделикти киимнен озге болып коринбейтин формада ауретин жауып киинген Маржан да унамай калды ма биреулерге. Бари жинакы,жамылмай да жаланаштанбай да алтын ортаны тауып киинип журген Маржанга ризамын. Казак кызына улги деп ойлаймын. Оз басыма Маржаннын ожет минези мен журналистик издениси унайды. Курметтеймин. Казак казактын жагасынан алып карсылас санамаса екен деймин.
  • Гүлнұр Қайратқызы 2016-03-28 17:06:29
    Өсекші сайт, сауатсыз жазғышбектердің көбейіп кеткені шындық.Инстаграмм, твиттер, фейсбукте жазылған пікірді жаңалық тапқандай жар салып жариялайтындар жұмыс істеп отырмыз деп ойлайды-ау деймін.Маржан "қазақ -надан болған " деп айтты деген тақырыпты көріп қаным қайнағаны рас.бірақ мақаладан ырым-тиым туралы ойдан басқа ерсі ештеңе таппадым.əр адам не ойлайтынын өзі біледі деген пікірдемін."Аяғы ауыр Сəкен Майғазиевтың жары..." деген сияқты тақырыбы бар,сауатты сөйлем де құрай алмайтын сайттардың сандырағын оқымайтын да болдым шынымды айтсам...
  • Кубекова Гулжария 2016-03-28 17:07:06
    Cіз айтып отырған "көшіріп алу"қазіргі қоғамдағы орын алып отырғаны белгілі. Біреулер кітап жазса да, әңігіме,өсек айтсада көшіріп алатын болған ғой. Бірақ сізге айтылған мына тюрбан жайлы дұрыс емес. Бұл өз пікірім. Біз бір-бірімізге мұсылман болған соң бауырмыз,доспыз. Сондықтан бекерге тілдемейікші. Бұған да жауап беретін кез келеді. Сондықтан дау-дамайсыз-ақ бір-бірімізді ренжітпей өткінші өмірден өткенге не жетсін-Бауырлар.
  • Ерболатқызы Ақбаян 2016-03-28 17:12:15
    Сəлеметсізбе Маржан əпке! Сізді көргеніме қуаныштымын! Сағанып қалдыққой! Мен бұрыннан сіз жазған жазбаларды іздеп жүріп оқимын! Қазір біреудің арқасында өздерін танымал еткісі келетін журналист сымақтар көбейіп кеттіғой.Сондайлардың бірі шығар... Алдымен біреудің əнін,сөзін енді осындай жазбалардыда.Өзіндік ой пікірі идеялары дамымаған сорлылар...
  • Сағадат 2016-03-28 17:20:01
    Қазіргі сайттардың "жаға ұстатарлық" ұстанымдары Шымкентше шегіңді тартқызатын "Қызық" газеттерінен еш кем түспей жатқаны аян. Әсіресе, сіз сияқты көз түскен тұлғалардың атынан "көз шығарып, бас жарғызып" жүр. Қаралым мен ренгинг үшін жанталасудың әдебі барын ұмытты шіркіндер. Бірақ, осы ел - қит етсең діні мен қызын түгендеп кететін ел - сөзі мен өзін, ісі мен әдебін түзеп келе жатқан қызды алақанға салса нетті?! Орамал таққан мен ұзын етектіні кілең радикалист етсе - күлкің кеппей жатып кірпігіңе су жабысар... Күлкіде де қайғы бар. Сіз, Маржан Сұлтанбай шын күліп тұрсыз. Демек, осынау күле алмайтын халқыңыздың дертіне шын жылай аласыз. Байқаймын, (бәлкім, жұрт байқаған шығар), тұрмыс құрғаннан кейінгі кейпіңіз әсіресе көз қуантады. Қыздар мен жас келіндерге айтатын ақылдарыңыз жанды жерге тиеді. Бұл мақтау емес, мойындау деп біліңіз. Өйткені, сізге жабылып күйе жаққан күндер де болған ілгеріде. Осы қалпыңыздан танбаңыз! Сәттілік тілеймін!
  • Айгуль 2016-03-28 17:53:43
    Омир деген кызык, бир адамга отирик кулемиз, бир адамга шынайы жузимизди корсетемиз, кейде Адам болган сон журегинде ортенип, куйип турган создин барин айтып шыгарып женилденип калгын келеди, бирак омир театр белгили бир ролде жургенге сон сол калыпты сактауга тырысамыз, дана халкымыз айткан гой "аспен атканды, таспен ат" айтуга онай, бирак осы макалдар осы 21 гасырга сай келмейтин сиякты. Ойткен биреу сенин намысына тиисип жатса, ундемей калсан таптап отетин Заман гой казир, Ким болсада, кандай Адам болсада - ол Адам. Ар адамнын оз тагдыры, оз Жан дуниеси бар. Сол ушин адамдар бир биримизди жараламай, жамандамай гумыр кешейикши. Бул омирге бирак рет келемиз гой. Откен уакыт кайтып келмес!
  • Айсулу 2016-03-28 18:04:16
    Қазіргі заманның басты әлегі орамал мен хиджаб мәселесі болды ма деген ойға келдім... Әңгіменің астары басқа болып тұрса да сол орамал тағу,хиджаб кию, діни көз қарас айтылмай кетпейтін болыпты. Шындығына келгенде орамал әрбір қазақ қызының басты киім кешегі ғой, шіркін соны білгіш мырзалар мен ханымдар ескерсе екен
  • Ділмұханова Жансая 2016-03-28 18:33:57
    Сәлеметсіз бе! Иәә, мақалаңызды оқи отырып, бірнеше тақырыпты қамтығаныңыз өте ұнады.Әрине, сізді теледидардан белгілі аузы дуалы журналист ретінде танимын, бірақ осындай келелі мәселелерді келісті және дәлелдемелі сөздермен жеткізгеніңізге тіпті таң қалдым. Сіздің атап кеткен біріншіңіз, яғни ұрлықшы журналисттерді әшкерелегеніңізді " Апасының киген тонын сіңлісі де киер",-деп мақалдап атау қойсам көңілге қонымды болып кетер ме?! Екіншіден деп айтып кеткеніңізге тоқталсам, қазіргі заманымызда ғылым-білім дамыған, қоғамымыз мен мәдениетіміз ілгеріде деп айтып жатамыз. Ай, қайдам құрастырылған сөйлемді түсінбейтін, тіпті орынды сөздерді пайдалана алмайтындардың іс-әрекеттеріне қарап, толық дамыдық деп айтудан гөрі, надандарымызда бар ішімізде бар деуіміз жөн. Ал, үшінші тақырыбыңызды қозғамаған журналист, айтпаған ғалым, сыртынан тон пішпеген халық қалмаған шығар. Кейде ойлаймын, бұрын келіншектер орамалын шешіп тастаса, сыртынан қандай қыңқу әңгіме ұшырап жататын болса, қазірде керісінше орамал тақсаңда,тақпасаңда сыңсу әңгімелер тарайды. Себебі, арабтың киімін алып келген қыздарымыз бен қазақ келіндерін шатастырып алатындар жетерлік. Бұған әбден құлағымызда, көзімізде үйреніп қалған сықылды. Айтпағым, өзінше журналист, сөз түсінбеген надандар мен қазақ келінің тани бермейтін азаматтар мен азаматшалар толастамаса, азаяр емес
  • Абдулла Алия 2016-03-28 18:35:07
    Салеметсізбе Маржан ханым! Қош келіпсіз! Өтірік мақтап, жалпақтап, асты үстіне түсіп шапқылау деген Адай қыздарының мінезіне жат қылық екенін сіз мененде жақсы білесіз... Бірақ, қалай бар солай айтуда, айтылуда керек, бұл менің шындығым! ... мен сіздің жазбаларыңызды оқып, бір құрышым қанып қалады. Гонзо кз сайтына жарияланған бырлық мақалаларыңызды оқып отырамын. Өзіме керектісін түртіп аламын... байынан таяқ жемеудің тәсілдері, байлы әйел мен байсыз әйелдің айырмашылықтары деген мақалаларыңыз өте керемет жазылған дүниелер, ашық, бүкпесіз, аспай саспай айта, жаза салатын мінезіңіз таңқалдырады!..., Қолыңызда азғана билік болса, халықтың күйін күйттеп, жоғын жоқтап, шындыққа ғана құштар, әділеттілікке жол бастап, шырылдайтын қыздардың бірісізғой шіркін! Сіздің мақалаңызды тағатсыздана күтіп отыратын оқырманның бірі мен! Ақтау қаласынан, есімім Алия.
  • Сара 2016-03-28 19:23:29
    Сәлеметсiзбе Маржан .Маған сондай ұнайсыз өткiр созiңдерiңiзбен ақыл ойыңыз керемет алдағы уакытта .Келиндер жайлы ,Тұрмысқа шыккалы жаткан кыздар жайлы козгаңызшы.Сосын биреудин созин бурмалау атынан жазу улкен кунә.Орамал тагудың ози улкен iс.Орамалды айелине так деп урып ешкашан таккыза алмайды ол так деп айту ушин ози биринши исламды иманды билу кажет сол сиякты каншасы тагады . орамал.бирак айтуга онай.Маган орамал тагып жургенiңiз унайды.
  • Калиева Фариза 2016-03-28 19:53:31
    Саламатсыздарма, бул Маржаннын пикирине толыктай косыламын. Казирги кезде мундай журналистин саны едауир аз-ау. Расында кимнин аузынан бир соз шыкса, сонын ишиндеги бир сойлемин алып, ары карай "туздык" куйып, оршитип, журтка жариялайтын сайттарымыз да, журналистеримз де отттееее коп! Карным сондай ашады мундай тирликтерине, оданда халкымыздын жагдайын ойлап, каншама комекке муктаж жандардын проблемаларын осындай етип "жарк" етип шыгарса куба-куп! Ал, Маржаннын пикири енди КЕРЕМЕТ!!! Нагыз Мангыстаудын, АДАЙДЫН кайсар кызынын пикири, менде Мангыстаудын кызымын, келинимин, биздеги салт- дастур мен устанымдарды кейбир жандартусинбес мумкин, дегенмен анадай жон- жоралгысы жок ырымдардын пайдасы жок. Маржан кыз нагыз менин ойымды ашык жаздын алдынгы макаланда(зерттеулерин), тек алга орлей бер!!!
  • Асем 2016-03-28 20:10:15
    Саламатызба,Маржан Сұлтанбай! Тағы да жардыңыз! Сізге қаламыңыз тек қана ұштала берсін дегім келеді. Ия,ондай жайттар қазір көбейіп кеткен. Сайттарды бір шолып шықсаң бірінші сынып оқушысыларына бір тақырыпты беріп,әр оқушы өз түсінігімен жазып шығатын мазмұндамадай. Қызық. Бұл,мүмкін,журналистердің сауатсыздығында болар. Егер,өз ісін жақсы көретін,сүйетін журналист болса ,керісінше, "жаратын" мақаланы топ еткізер еді. Сіз келгелі байстарс сайтын жібермейтін болдық. Рейтинг артты. Факт! Сәттілік алдағы уақытта.
  • Айгерим Муратова 2016-03-28 20:35:35
    Салеметсизбе! Кайта оралуынызбен куаныштымын!!! Такырыбыныз орынды. Музыка коширип алу аншилерге казирги уакытта уйреншикти болып кетти, бирак журналистер арасында дайын макала коширип жариялау окиништи...
  • Ақбаян Ерболатқызы 2016-03-28 20:40:20
    Жоғарыда жазылған пікірімді толықтырып кетсем деймін.Орамал əр қыз келіншектің ажары! Қазір орамал тақпайтын сылан қаққан жеңгелерде,шаштарын сарыға бояп алып жалаңбас шапқылап жүретін əжелерде көбейіп кетті.Өз басым сізді жақсы көремін.Кезінде бірнеше қыздардың бастарын қосып орамал тағуды үйретіп мастер класстар ұйымдастырып едіңіз.Сол ісіңіз басқа қалалардада жалғасын тапса екен.Бұл ұсыныс! Қаламыңыз мұқалмасын! Айтарыңыз,жазарыңыз көп болсын!
  • Асель 2016-03-28 21:26:01
    Маржан, сәлеметсіз бе! Сыйлаймын! Зор айтасыз) Сізбен кездескім келеді :) ))
  • Дариға-ай 2016-03-28 21:43:23
    Бәріне сәлем! Көтеріліп отырған мәселе өте орынды. Мен болашақ журналист, кейде неге осы мен журфакқа түстім екен деп қоямын, ойланамын.(студент) Қазір ақпарат тауарға айналды. Сайттар рейтинг үшін жұмыс жасайды.Медианы 4-ші билік өкілі деп кеудемізді қағып, мақтанышпен айтамыз. Десекте, "төртінші билік" ұсақ-түйік ақпармен, өсек-өтірікпен, мардымсыз, пайдасыз xабарлар өндіріп жатыр бізге. Өте өкінішті. Ақпаратты өндірушілерге де қара күйе жаға берген дұрыс емес шығар. Осындай ақпаратты тұтынып отырған xалық та кінәлі, қоғам кінәлі! Сұраныс болмаса ұсыныста болмайды. Сауаттылық "жұлдыздардың" ішкен-жегенінен аса алмаса. Амала нешік, осындай ақпараттар тұтынуға мәжбүрміз. Медиа өте ықпалды құрал екенін бәріміз мойындаймыз. Сол себепті, лайым медиа өкілдері салымды сөздермен пайдалы ақпарат өндірсе екен. Өйткені, "біздің келешегіміз" деп жүрген ұрпақ медианың әсерімен бой түзейді. Менің жалпы тұшымды ойым осындай. Маржан, оқырмандармен кездесу деген жақсы ой, мен қолдаймын. Дариға, Алматы (Ақтау)
  • Мәрзия Ақпан 2016-03-28 23:18:16
    Сәлеметсіз бе! Орамал-орамалдың киесі.Тұрмысқа шықпаған қызға орамал тартқан дұрыс па? Қызға қырық үйден тыйым,ұсақталып бара жатқан еразаматтар,ұлттық ойындар домбыра party жайлы жазсаңыз. Алдыңғы мақалаңызды Фейзбукта бұрмаланғанда сіз жайлы неше түрлі әңгіме кетті. Неге бәрі жек көреді екен деген ойға қалдым. Ауыздарына ақ ит кіріп,көк ит шығып жатқандар ер азаматтар қыздарда үлкен апайларды қалысар емес. Пікірлерді оқып жағамды ұстадым,көзім шарасынан шығып кетті. Недеген негатив... Мәнді мағыналы жақсы жақсы дүниелер күтемін сізден. Жақсы жазасыз! Негативтерге мән бермеңз. Оқырмандарыңыз сізбен біргеміз! Сізді ұзаааақ күткенбіз. Мастер класс өткіземін деп едіңіз қала аралап,содан бері жоқ болып кеттіңіз. Сізді көру сұхбаттасу бір ғанибет болар еді! Шымкент қаласындағы тұрақты оқырманыңыз Мәрзия Ақпан
  • Айнұр Қыдырмағанбетова 2016-03-29 11:35:04
    Сәлеметсізбе! Маржан ханым жағдайыңыз қалай? Көптен бері сіздің блогыңызды күтіп жүр едім. Мен мұғаліммін. Қазіргі кездегі індетке айналған жасөспірім тәрбиесі, қыз тәрбиесі жайында жазбазыңызды жариялауыңызды күтемін. Қазіргі кезде көзімізбен көріп жүрміз, бесіктен белі шықпаған қыздарымыз жүкті болып арты қайғылы жағдайға душар етіп жатыр. Бұл жағдайға көз жұма қарауға болмайды. Өзім 7 - сыныптың сынып жетекшісі ретінде, оқушыларыма тәрбие сағаттарын өткізіп олардың құлағына осы мәселе төңірегінде ақылымды айтып түсіндіріп келемін. Негізі бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Сол себепті сіздің тұшымды пікіріңізді күтемін. Тағы бір сұрайтыным сіздің тігіншілік өнеріңізге қызығатын едім. Қазір әлеуметтік желіде көрінбей кеттіңіз. Қазіргі уақытта сол өнеріңіз қалып қойған жоқ па? Мен киім тігіп үйренгім келеді. Мен сияқты басқа да қыздарға әлеуметтік желі арқылы (мысалы: перископ ) мастер класс ұйымдастыра аласыз ба? Егер мүмкіншілігіңіз болса, әрине. Жауабыңызды күтем. Алдын - ала рахмет
  • Жанар Сайлауқызы 2016-03-29 13:36:57
    Сәлеметсіздерме!Маған сіздің бүкпесіз жазатын ойларыңыз,қарапайым тілде жеткізе білетін қабілетіңіз,шыншылдығыңыз бен қайсар мінезіңіз ұнайды.Мақтайтын жерде мақтап,дұрыс емесін бетке айта салатын қасиетіңіз кәсіби журналист екендігіңізді көрсетеді.Ал қазіргі,түрлі сайттардың біреудің сөзін бұрмалап,халықты тың жаңалықтармен ,тақырыбын керемет қылып көрсетіп оқырман жинағысы келетін жазғыштар көп.Біреуі шынайы болса,біреуі жалған ақпарат болып шығады.Қазіргі кезде (барлық емес) кейбір журналисттердің өнер жұлдыздарын сынап,жеке өміріне,қайда барып,қайда жүргеніне дейін қызығушылық танытып,жарыса мақала жазатындары да бар.Қарапайым халықтың жағдайын ойлап,сіз сияқты айтар ойын ашық айтатын журналисттерімізде бар,дәл осындай маман иелері көп болса қандай жақсы!
  • Балжан Тастемирова 2016-03-29 23:56:06
    Сәлеметсізбе Маржан ханым! Сізді әлеуметтік желілерден іздеп жур едім! Осы Қазақстаннын медицинасы туралы ой қозғасаңыз деп едім. Себебі қазіргі кезде портал деген шыккалы бері жүрекке т.б. сондай сияқты операциялар көбейіп кетті. Әрине портал деген жаксы қаражаты жетпегендерге. Бірақ дәрігерлер өздеріне ақша түсу үшін сау адамдыда мал сойғандай кесіп жатыр. Басымнан өткеннен кейін айтып турғанымғой. Ал ұры журналистерге келетін болсақ бір Алла көріп тұрғой. Жазасын береді. Жәнеде сізді қашан теледидардан көреміз? Асыға күтем...
  • Мира Жоламан 2016-03-30 11:15:58
    Саламатсыз ба? Маржан ханым. Сизди "бурынгы казактардын надан болганын айтты" деп жазыпты. Неге? биздин казактын биреудин айткан созин бурмалап айту канында бар. Казак десе озине тиеди. Алайда, бурын оку, току жок заманда ата - бабаларымыздын сауатсыз болганы малим. Бирдене айтылса болды ата - бабамыз айткан, солай истеген деп соз таластырып шыга келеди. Бул созим ата - бабага тил тигизгеним емес, бирак ата - бабамызда биз сиякты пенде болган, оларда кателеседи. Олардын айтып кеткен создеринин бари жуз пайыз дурыс деген соз емес. Ал, орамалга келетин болсак оз басым турмыска шыкпаганнан кейин, орамал жайында ештене айта алмаймын. Биз сиздин макаланызды кунде кутип журемиз. Журт не десе, о десин бизбен жазбаларынызбен болисуди умытпаныз! Алдагы уакытта казактын шектен тыс ысырап жасайтын тойы мен садакасы жайында жазсаныз жаксы болар еди. Актобе облысы. Шубаркудук кенти. mira.zholaman@yandex.ru
  • Роза Жолымбекова 2016-03-30 14:34:42
    Маржан ренішіңіз орынды! Осы адамдар біреудің ісіне араласпай өз жəйларымен жүрсе өмір əлдеқайда жарқын болар еді.Өзгенің өмірін,өзін талқылауға бəрі шебер ақ... Ешкімнің сөзін көңіліңізге алмай өз блогыңызды жалғастыра беріңіз! Ісіңізге сәттілік!
  • Айзере Шынат 2016-03-31 01:51:18
    Маржан əпке, ойымыз бір жерден шықты. Байқап отырсам, осы плагиатты жақсы көретіндер де, жек көретіндер де - журналистер, я болмаса, журналистиканың басы-қасында жүргендер. Соған қарағанда, бұл қауым плагиатты жақсы көретін журналистер мен плагиатты жек көретін журналистер болып екіге бөлінеді-ау, шамасы. Басымнан өткен проблема болған соң жазып отырмын. Ауруын жасырған өледі. Сіз мақалаңызды айтасыз, менің дипломдық жұмысым біреудің докторлық диссертациясына айналып шыға келгенде, əй, ішім удай ашыған! Магистратурада оқып жүрмін. "Жығылғанға жұдырық" дей ме, жақында ғылыми мақалам тағы қолды болды. Көзімді бақырайтып тұрып өз ғылыми жетекшім алдымды орапты. Екеуіміз де МЕНІҢ мақаламды бір ғылыми жинаққа беріппіз... Бұл - білдей (!) бір білім ордасының журналистика факультетінде болып жатқан жағдай. Әпкетай, сіздің ренжитін жөніңіз бар. Бізге бүгінде жазуды, ақпаратты сауатты таратуды емес, плагиаризм жасауды, шикі сенсация қууды үйрете ме деп қалдым... Қоғамдық проблемалар емес, рейтинг маңызды болған журналистикадан түңіліп кетемін. Менің арманым - журналистиканы ғылым деңгейде дамыту. Отандық БАҚ-ты халықаралық бұқаралық коммуникация теориялары (Agenda setting, Framing, Magic Bullet, Gatekeeping, т.б.) арқылы ретке келтірсек, бұндай келеңсіздіктер азаяр еді. Осы біз «бәсекеге қабілетті» және «жасампаздық» деген сөздерді соңғы кездері тым жақсы көріп кеттік. Орысшада, бұл сөздердің аудармасы «показуха» сияқты... Өйткені сапа емес, санмен дәлелдейміз ісімізді. С.Мазғұтов «Көгілдір экран – өмір айнасы» еңбегінде былай деп еді: «Көрермен көгілдір экраннан сіздер күндіз-түні төгіп жатқан қаймақты да, қатықты да, қара суды да, күлді-бадам қойыртпақты да түгін қоймай, түгел құйып ала беретін бос бөшке емес. Оның да эстетикалық талғамы, өзіндік ой тұжырымы, биік талабы, білім дәрежесі бар». Енді қалай болды? Наполеонның «Журналист — это чистильщик улиц, работающий пером» деген сөзі бар еді. Бүгінгі «халтурщик» әріптестер (кешіріңіздер!) көшедегі қоқысты бір жерге үйе салып, бықсытып отыра беретін болыпты. Журналист десем, өзіме тиеді. Бір кем дүние. Алматы. aizere.shynat@gmail.com
  • Ұлпа Мерекеқызы 2016-03-31 03:52:51
    Маржан апай тұшымды ойларыңыз бен әсерлі мақалаларыңызға рахмет! Алға қарай керемет мақалаларыңыз көбейе берсін. Қазіргі техника дамыған заманда әлеуметтік желілерде түрлі пікірлерді көріп шошисың. Бірақ елдің аузына қақпақ бола алмаймыз)). Мұндайға күліп қойып әрі қарай жаза беріңіз. Сізден жақсы тың мақалалар күтемін! Әрі осы байқауды ұйымдастырған baistars сайт ұйымына да рахмет!!! Жұмыстарыңызға сәттілік!
  • қасымхан Нұрай 2016-03-31 12:09:07
    Менде болашақта шындықты айтатын журналист болғым келеді.Әрине қазіргі Қазақстанда қозғайтын мәселелер жетіп артылады. Мені толғандыратын бірден бір жайт ол "орысша сұраққа қазақша жауап беретін"- қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы заң Қазақ мемлекеті үшін орынды деп ойлайсызба?Менің ойымша бұл жағдай өзге ұлт өкілдері үшін тиімді сияқты.Сонда бұл орыс тілін білмейтін ұстаздар,дәрігерлер,қызметкерлер жұмыссыз қалады деген сөзбе?Онсызда,мемлекеттік тіліміздің қаншама рет қорланып,аяққа тапталды емеспе?Сіз қалай ойлайсыз? P.S Бұл 9 сынып оқушысын толғандырып жүрген бірдін-бір мәселе.Әрине мен сіз секілді оқырманның жүрегіне жеткізердей жаза алмаған шығармын, бірақ бұл сөздер өз жүрегімнен шыққан сөздер.
  • Жанар Сериккызы 2016-03-31 23:41:05
    Салеметсиздер ме?! Коширип алу, идеясын коширу, силтеме жасау, ойланбай айта салу, сынай калу сынды дуниелер бир шенбердин ишинен шыга алмайтын, ойы ора шолак жаннын тирлиги деп кабылдау кажет. Арине ондай сынаулар жеке басына тускенде жуйкени ширыктыратыны анык. Мундайда калай жауап кайыру керек екенин автор куйып койгандай корсетип берди. Ал кырагы коширгиштермен сынамак сыншынын дуниеси, тениздин таяз жери испетти. Мулде кызыксыз, нарсиз. Janara_05@mail.ru Алматы
  • Кундыз 2016-04-02 02:05:52
    Мангыстаудын келиндеринин Адемисин-ай. Тойда келин екени ерекшеленип турады. Суретке карап кызыгып кетеди екенсин...
  • Гүлжанат Әли 2016-04-02 19:10:03
    Саламатсыздар ма? Жалпы ойлап қарасақ, кез келген жұмыста кез келген мамандар арасында көре алмаушылық, біреудің тірнектеген еңбегінің жолын кесу болып жатады. Бұл қазақ ғана көре алмайды деген емес, біздің олай айтатын себебіміз тек қазақтарды ғана көреміз. Өзге ұлттардың мәдениетін, қарым-атынасын білмейміз. Сырт көзге "мен жоқ жердің бәрі керемет" болып көрінеді. Негізінде киноларынан да көріп жүрміз көре алмаушылық оларда да бар. Неге бұны айтып отырмын, "журналюгалардың" менің атымды көрсетіп мақала жазыпты дегені ғой Маржанның. Маржан Сұлтанбай дегенді көзіміз шалса, қатты уақытымыз тығыз болмаса, көбіміз ашып қарайтынымыз рас, мүмкін оқырман санын көбейткісі келген болар. Енді басқа салалардағы көре алмаушылық өз мекемесінің ішінде жүріп жатса, әншілер мен журналисттер арасында бұл ел алдында болады. Кәсіби деңгей төмендігі, білімінің аздығы, тәжірибенің жоқтығы барлығы бүкіл жұртқа жария болады. Соған сәйкес кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін халық өзі - ақ анықтап алады. Жалпы, өзім мұғалім болғандығыма қуанамын кейде... Біздің айналамыз қанша дегенмен тәрбие берушілерге толы болғандықтан, адамға дұрыс бұрысын айтуда "подход" жасаудың кәсіби шеберлері, көңіліңе бір келмейді, келе қалса кешірім сұрауы да тез. Үлкені де, кішісі де... Еңбек ел алдына айқайлап көрінбесе де, қанағатшыл, иманды халық жиналған көбіне. Тюрбан мен орамалыңызға қарап айтылған пікір түсінікті. Сырт бейнеге, киімге қарап әлі баға беріп, адамдар туралы ой қалыптастырамыз санамызда. Базар аралауға әсіресе қымбат бутиктерге арзан киім киіп барып көріңізші, сізге тіпті тауарын ұсынбайды да... өзім тәжірибе жасап көргем... Ойым аяқталмай қалды... Ақтөбе қаласы
  • Меруерт 2016-04-04 01:53:23
    Сізді қайта көргеніме қуаныштымын!Мен алғаш сізді Шіркін лайф жобасын жүргізгеніңізді көріп ем.Содан бастап үзбей сіз жургізген бағларламаларды тыңдап көріп жүрем.АЛ ЕНДІ ЖОҒАРЫ ЖАҚТА КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚҚА ТОҚТАЛСАМ.ЖАЛПЫ ҚАЗІР ӨЗІ ДЕЙТІН ЖАНДАР КӨБЕЮДЕ.СОНЫҢ САЛДАРЫНАНА КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ ПАЙДА БОЛАДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ ЕҢ ЖАМАН ҚАСИЕТТЕРДІҢ БІРІ.ОНЫҢ БӘРІ ИМАНСЫЗДЫҚТЫҢ ТӨМЕН ЕКЕНІН БІЛДІРЕДІ.ЖҮРЕКТЕ ИМАН БОЛМАСА, БАСҚАНЫҢ БАРІ БОС ӘУРЕШІЛІК ДЕГЕН ЕКЕН БІР ҒҰЛАМА.ИМАНЫ МЫҚТЫ АДАМ БІРЕУДІ ЖАМАНДАП БІРЕУДІҢ СӨЗІН БҮРМАЛАП ОНДАЙ ЖАМАН ӘДЕТТІ ӨЗІНЕ ҚАЛЫП ТАСТЫРМАЙДЫ.ЖАЛПЫ ОСЫНДАЙ ДАУ ДАМАЙ ШЫҒУЫ ЖҮРЕКТЕГІ ИМАННЫҢ ӘЛСІЗДІГІ.МАРЖАН АПКЕ ЖАРАЙСЫЗ ҚАЛАМЫНЫЗ ҰШТАЛА БЕРСІН.ТҰШЫМДЫ МАҚАЛАРЫНЫЗ ТАУСЫЛМАСЫН.АЛЛА ЖАР БОЛСЫН
  • Насиполла Нұржауған 2016-04-04 02:20:04
    Сәлеметсіз бе Маржан апай біз қарапайым халық көп нәрсені Baistars сайтына кіріп оқимыз. Пікір жазудағы мақсатым жағыну немесе сыйлық ұтып алу емес мақсатым өз пікірімді қалдыру. Маржан әпке сіз мықтысыз ең алғаш сізді Шіркін Life жобасын жүргізгенде көрдім. Сіз шашынызды алдыртып тастаған кезде ерлерденде мықты екеніңізді дәлелдедініз. Сіздің қайтпас қайсар өр мінезініз қыздар қауымы үлгі тұтарлықтай. Дұрыс айтасыз қазір түлкі заманы кей адамдар біреудің мақаласын көшіріп алуға дайын тұрады. Алдымен Baistars содан сон басқа да желілерге тарап кетеді. Сіздің қайта келгеніңіз жақсы болды. Сіз сынды журналисттер аз өзіме Жанат Бақыт және Бибігүл Дәулетбекқызы сынды апайларды үлгі тұтамын. Ырым-тиымға келсем кей сенгім келмейтін де тұстар кездесіп жатады. Бірақ кейде бекер айтылмаған нәрсе шығар депте ойлаймын. Орамалға келетін болсақ әрбір қазақ қызына орамал таққан жарасады. Білгенге Маржан атты бағдарламаны көріп тұратынбыз. Тюрбан таққанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Мен өзім тюрбанға қатты қызықпағандықтан олда орамалдың бір түрі деп ойлаймын. Атырау облысы Елтай ауылынан Нұржауған
  • Кемаладинова Айгерим 2016-04-04 02:39:12
    Бала тәрбиесіне соның ішінде уялы телефонда отыратын балаларды калай тарбиелеу керек.болашак балам ушин аландаймын.телефонды бермесен жан жақтағы адамдар,когам сол телефоннан кощ алмайды.ал бала оган одан сайын кызыгушылыгы артады.курметти ата аналар биригип бирлесип баламыздын болашагы ушин бул жагдайдын тиімді жолын табайык
  • Есхожаева Камшат 2016-04-04 05:56:09
    Сәлеметсіз бе Маржан! Кім не бесе о десен. Өзім сіздің қайта оралғаныңызға ёуаныыып отырмын. Журналистер (арине көпке топырақ шашудан аулақпын) не жазсада, не түсірседе барібір (әсіресе анау жұлдыздардың кигее киімін, ішкен жегенін жазатын жуоналис сымақтардың шимай щатпағынан осы блог дұрыс болды. Мен 3 баламды тәрбиелеп отырған анамын. Сондықтан маған салт дәстүр тақырыбында қозғалған тақырып секілді , балалар интернет телефонга тәуелді болмайтындай қандай жағдай қандай ойындар ойнауға болатынын қозғалса екен. Пысы: неге мына қыз түннің бір уағында жазып отыр демеңіз... Балалар уйыктап жатқанда жазбасам басқа кезде жазу оқу мүмкін емес. Блог жұмысы тоқтамасын жақсы тақырыптар қозғала берсін.
  • Есхожаева Камшат 2016-04-04 06:01:05
    Айтпақшы орамал туралы... Орамал тазалық белгісі әдемілеп орамал тағыыыып жүрген кімгеде болса жарасады. Сіздің орамал тарту үлгіңіз өте әдемі. Бірақ солай қанша тартайын десем де үйрене алмай ақ койдым. Видеоңыз болса осы сайтта жаоиялаңызшы.
  • Калданова Маржан 2016-04-04 08:09:43
    Қош келдің Маржаным!Өзіңді әбден сағындым,кейбір жазғышбектердің жазбасын оқысам не оқып отырғанымды түсінбей қаламын және бітпей кетеді,ал осы сенің шимай шатпағың том том болып жазылсада тез оқып тез бітем.Неге?
  • Нұрзат Шахан 2016-04-04 10:06:53
    Бар ойыңызды қол котере құптаймын!!!(бұл жағымпаздық емес жəне сыйлық үшін емес жақсы пікір саны бір санга болса да кобейсін деген оқырмандық "ақ" пейілім)Екі көзің бір-біріне жау болған заманда,сен жақсы сойле немесе жаман сойле одан əрі смайлигіңе де қарсы пікір жазушылардың болуы заңдылық."Іріген ауыздан-шіріген жазу"-дың кері келіп тұр қазір.Үйіне ие бола алмаған жас келіндер мен келіншектер бір бір "аккаунттың" иесі.Оған қарсы айтарым жоқ иесі болсын,бірақ жақсы сөз жазып қарық қылмаса да жаман сөзбен жеккөрінішті болмауын да ойлау шарт.Төсегі суық əйел демекші төсекті төсейтін де сол əйел ғой.Əдемі төселмеген төсектен жылылық күту "Астанада тұрып көктем күткеннен" де қиынырақ іс. Одан кейінгі іс "көшіру операциясы".Көшірудің де көшіруі болады ғой.Қазіргі кезде тұшымды бір соз жазсаң оның нағыз авторы сен екеніңді дəлелдеу қиын.Материалдық байлық жетіспей ұрласаң көбейетіні анық, ал "Рухани байлықты" ұрлағаныңмен мойныңның үстіндегі "қауақта" түк болмаса ұрла не ұрлама не!?Бір адам жақсы сөйлеп қалған адамдар соның еңбегінен күн көруі дұрыс болса,Құдай он адамға бір бас берер еді ғой.Қазақтың мақсаты бір,сөзі ортақ дегенменде əр қазақ өз аясында ойланады ғой!!!Сондықтан,ə дегеннен шу көтермей автор не айтқысы келді деп, автордың тереңіне сүңгіп байқау керек сияқты.Бұл да менің өз ойым,өз пікірім əркім өз пікірін өзінде қалдырсын!! Шахан Нұрзат...инстаграм n_shakhan..майл ру ескілікте ұмытылып кеткен)))вк Якубов Арсен жеке меншік вк -м озімнің!!!
  • Нұржамал 2016-04-06 08:23:47
    Мына мақаланы оқып, менің де күлкім пришла... Жай ғана оқып, жақсы жазылған екен деп қоя салатын заман болса, ол заманның сондай адамы болса қанекей. Сөзді бұрмалап, біреудің бір сөзін өзгертсем, менікі артық болар деп ойлайтындар көбейді. Біріншіден, екіншіден деп бөлмей-ақ қояйын. Жалпы мақала қателіктерімізді түсінейік деген əрбір адамға жақсы, нақты жазылған екен. Түсіне білген адам үшін күлетін емес, намыстанып жылайтын дүние. Бойында білімі мен ақылы, намысы мен ары бар кемінде 1 адам өз қателігін түзейді деп сенгім келеді. Күлкім пришла ... деп отырған өзімде мақала мен пікірлерді оқып болған ойға кетіп ушла... болдым...
  • 2016-04-09 21:09:03
    Құрметті оқырмандар!!! Кезекті сыйлық иегерлерін анықтайтын да кез жетті. Сонымен,белсенді оқырмандарымның ішінен (кездейсоқ санды теріп беретін арнайы бағдарламаның көмегімен) BAISTARS сайтының атынан сыйлыққа кім ие болатындығын жариялаймын! 1. Насиполла Нұржауған - "Armaf"-тан иіссу; 2. Гүлжанат Əли - "Jado" сəн үйінен арнайы сыйлық; 3. Жанар Серікқызы - театрға билеттер; 4. Айзере Шынат - "Inmode" дүкенінен қолсөмке; 5. Мəрзия Ақпан - "Қазақ энциклопедиясы"-нан бағалы кітаптар. Құттықтаймын!!! Бұл жазбаға енді комменттер қабылданбайды. Келесі шимай-шатпағымды күтіңіздер! Келесі жазбама да Baistars сайты арнайы сыйлықтарын дайындап қойған. Сондықтан, ойын боқтық сөздерсіз мəдениетті жеткізе алатын оқырмандар үшін көңіліміз əрдайым ашық!
  • 2016-04-11 17:43:10
    Осындайда "Өтірік өрге жүзбейді", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" деген сөздер ойыңа еріксіз оралады екен. Тілімен орақ орып, өздерін "от ауыздыға" теңегендер өзгенің дүниесін көшіріп аларда осыны ойласа игі еді?!
  • Diana Jusupbekova 2016-04-12 11:52:51
    Маржан так приятно вас читать , будто слышим вас голос. Скорее бы вы вернулись в телевизию . Слелайте встречу в Астане в каком нибудь кафе и пускай те люди которые хотят с вами встретится привезут вещи игрушки для детских домов, я вот вк увидела объявление что какие то певцы едут в детский дом в Аккуле и просят собрать одежду игрушки для детишек, сегодня я собрала вещи оказывается столько дома всего лишнего.а тама они будут очень рады.
  • Майра Ілес 2016-04-15 00:06:01
    Журналистиканың ауылында жүрген соң "Әлеуметтік желілерде белсенді болуыңыз ләзім емес, міндет. ",- дегенді көп естимін. Бірақ бәрібір "в одно ухо влетело, из другого вылетело" болып бейтарап жүре беретінмін. Сөйтсем, тұшымды пікір жазып та шамамен қандай шама барын байқатуға болады екен-ей!) Әзілдейм әрине! Шо-та рияға айналдырып баратырмын. Дегенмен, онсыз болмайд енді. Бір пікірге пікір жазып, жақсы дүниеге ой қосып, оған тағы ешшо сыйлық алсаң кәдімгідей мотивация екен, бар ғо. Мысалы дим да, өткенде, жәй ғана пікірдің арқасында "Khanshaiym" сұлулық салонына барып әддем боп қайттым! Өзім де бірдеңені өзгерткііім келіп жүр ем. «Іздегенге – сұраған» болып 20 жылда (енді бар жасағаның сол болса)) 1парикмахер жолатпаған мен шәшымды шорт еткізіп, мәәз боп отырған жәйым бар)) Әәй, осы жерде тықылдақ (чесТное слово, өте жақсы мағынада айтамын) Маржан апымның батылдығы әсер етті-ау деп қоям...) Жә, жақшаларым да көбейіп көп сөйлеп кеттім білем. "Орамал" деген тақырып алдан шығып, жиі талқылана береді,әйтеу. Көзқарасым "нейтралный". Жұрт еңкейсең еңкейдің, шалқайсаң шалқайдың дегендей кәкүр-шүкірді айта береді. "Айта берсін, айта берсін жұрт") деп қойып жүргенге өз басыңмен ақылман боп, ештеңе жетпейд. Түф,тегі-ай, а! Әр нәрсенің басын бір шалып итырғылжың ғып жібердім-ау. Жеке брендингті де ойлап қойып жүрген болашақ коллегаңызға ерік берсеңіз кетеді осылай әңгімені періп))) Қысқасы, тақырыптарды "Жамаан болады..." немесе тап қазіргі "Күлкім пришла..." дегендей "Интригующе" қояды екенсіз. "Ашу араз..." деген тақырыпта, я осының төңірегіндегі бір шимайларыңыз болса бөліссеңіз деген ұсыныс бар. Адамдарға шатақ шығаруға емес шуақ шашуға бейіл болайықшы деген месседжі бар жазбалар көп болса дим. Бұ тұралы жазсаңыз да түбін түсіретін сияқтысыз, пырост)
  • Гульзира 2016-04-29 13:18:27
    Сізді инстадан іздеп таппай қойғанмын, сөйтсем сіз мында жүр екенсіз ғой. Алматыда кездесу ұйымдастырасыз ба?! Өзіңіз киім тігу жағынан мастер класс өткізсеңіз. Және де отбасылы өмірдегі тәжіриебемен бөліссеңіз. Жеке сайт ашып, сонда видеомен бірге салсаңыз. БМды үзбей қарайтынмын, әлде де арасында қарап қоямын. Сізден үйренетін нәрсе көп қой негізі...
  • Аслан ҚАРАТАЕВ 2016-05-19 21:24:42
    Сыйлықтан үміттенгендер мақтап жаза берсін, мен өз пікірімді айтайын. Мәке, осы айтып отырған сөздеріңіздің жаны бар. Бірақ публикалық емес, бетбақтық сөздермен жеткізіпсіз! Сіз әйелсіз, анасыз! Ең болмағанда айтарыңызды іштей қорытып, мәдени тілмен жеткізгеніңіз дұрыс болар! Надандық білімнің сауатсыздығымен емес, сананың сауатсыздығынан туады. Бұрыңғы қазақтар надан дегенің болса, қазіргілер онда тым артық кеткен болар. Маржан ханым, нағыз келіндікті қазаққа емес, өзіңізден бастаған болар едіңіз! Жеменей мен Ғаділбектің қасында шашыңды тырдай етіп қырмаған болар едіңіз. Қайталап айтамын, сіздің бетпақтық, ешқандай менталитеті жоқ, публикалық ойда жеткізілмеген сөздеріңіз 5 тиын. Адамды мақтай берсе көкірегі атылады деген бар қазақта. Кішкене әйел заты ретінде орныңызды білсеңіз дұрыс болар еді. Менде ешқандай іштарлық немесе көреалмаушылық емес, Қазақтың мәдениетін (яғни бұрынғы Қазақтар надан болған деген сөзіңізге) жерге таптағаныңыз ашуымды келтіріп отыр. Мен және қоғамның атынан сізге ескертемін, Қазақтың қанында жоқ нәрсені айтып далбасалағанша, адамзаттың жеке тұлғалық қасиетін сараптаңыз. Ұлтқа тіл тигуден гөрі, жеке тұлғаға тіл тигізген жеңіл!!
  • 2017-02-24 17:09:19
    Қайдасың сен Маржан қыз?!

Пікір жазу