Режиссер Берік Жахановтың "Еркек" фильмі Ресейдегі "Кино-клик" XХКФ фильмдер конкурсында "Үздік ойын фильмі" номинациясын жеңіп алды. Қысқаметражды лента ойын фильмдер секциясында таныстырылды. Оған Беларусия, Ресей, Украина және Өзбекстаннан 37 картина бәсекелес болды деп хабарлайды Brod.kz.
"Еркек" фильмі Азамат есімді жасөспірім жайлы. Кейіпкер өмірінде әкесі пайда болғанша көше заңымен өмір сүреді. Бұл кездесу Азаматтың өмірін мәңгіліккке өзгертеді. Картина I Республикалық «Байкоңыр» қысқаметражды кино байқауында "Үздік актер" номинациясын жеңіп алған.
"Кино-клик" Халықаралық отбасылық және жастар фильмінің ашық байқауы Ярославль мэрінің қолдауымен 2007 жылдан бері өткізіледі. Фестивальдің мақсаты - балалар мен жастарды отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер түсіруге шақыру. Фестиваль бағдарламасында 6 секция бар: ойын киносы, деректі кино, анимация, репортаж, бейнеклип және әлеуметтік ролик.
Деректі кино секциясында тағы бір қазақстандық фильм қатысты. Режиссер Санат Шакиевтің "Комендант Ильменау" лентасы I деңгейдегі дипломға ие болды.