Сезімнен сыр шертер әндерімен тыңдарманының жүрегін жаулаған Ернар Айдар жаңа бейнебаянын көпшілікке ұсынды. Бұл жолғы ән «Қазақтың жігіттері» деп аталады.
Өлеңде ар-намысын жаннан жоғары қоятын қазақтың жігіттерін қазақтың өзіне теңеген әнші, бейнебаянды өткенмен бүгінді салыстыра отырып түсірген. Яғни, ғасырлар өтіп, заманның өзгеруі қазақ жігіті бойындағы қасиеттерге тозаң түсіре алмаған.
Осыған дейін Ернардың «Қимастық», «Махаббатым-ау», «Жаралама», «Шын ұнаттым» деген әндері мен бейнебаяндары жарыққа шыққан еді.