Гостиницы в Алматы
2016-12-15 17:20:09 390 0

Желіде қазақтың тойы туралы қызықты бейнеролик тарады. Роликті ҚР тұңғыш президенті қоры мен КТК телеарнасы ұжымы бірлесіп түсірілген.

Бейнероликте еліміздің танымал тұлғалары саясаткер Ғани Қасымов, Дос Мұқасан тобы, әнші Қайрат Нұртас, Ninety One тобы, Әсел Сәдуақасова мен әзіл-сықақ актерлері бой көрсетеді.

Ролик мазмұны әзілге сүйене отырып шынайы өмірді қамтиды. Онда әрбір иісі қазаққа таныс үйлену тойы кезіндегі қарбалас, тойдың болғанынан болғанға дейінгі қызығы шебер беріледі. Жобаның режиссеры Мәлік Зеңгер.

«Біз ежелден тойқұмар елміз, осыншама ұлан-асыр той жасаудың неге қажет болғанын енді түсіндім. Бізге ел болып, әулет болып жиі бас қосып тұру қажет екен. Иә, біз осындаймыз, бұл ғажап қой. Қысқасын айтқанда, мұның бәрі маған ұнайды. Бақытты бол, Қазақ Елі», – дейді сөзді түйіндеген күйеу бала.

Пікір жазу