Гостиницы в Алматы
2016-02-24 11:20:17 478 0

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың пікірінше, қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз", - деді жазушы Смағұл Елубай.

Еске салайық, қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» сериалының түсірілімі 2015 жылы күзде басталды. Картина режиссері — Рүстем Әбдiрашев, басты рөлдерге еліміздің көптеген танымал актерлері қатысып жатыр. Премьерасы 2016 жылдың наурыз айына жоспарланған. Девальвацияға байланысты фильм түсірілімі біраз қиындыққа ұшырап, актерлер гонорарын ала алмай жүргендігі жайлы жазған болатынбыз. Қаржы тапшылығына байланысты, халықтан көмек сұрап, краудфандинг жүйесімен ақша жиналатыны да хабарланды. Qazaqeli550.kz сайтындағы ақпаратқа сенсек, қазір 100 миллион теңгеден астам жылу жиналған.

Пікір жазу