Продюсерлікті қолға алған Бауыржан Есебаев ұсыныстың "меломендік" жігіттерден түскенін айтты. "Негізі 2007 жылы "Меломен" тобын сахнаға алып шыққан мен болатынмын. Бірге біраз жұмыс жасадық. Кейін қаржылық дағдарысқа байланысты екі жаққа кеттік. Бірақ арамыз жаман болған жоқ, араласып тұрдық. Негізі продюсердің жұмысы бір басқа, ән жазу бір басқа. Мен көп әншілерге музыкалық жағынан көмектестім. Алайда ешкімге продюсер болмадым. Олар 2 жыл бұрын басқа продюсермен жұмыстарын тоқтатқан екен. Жақында жаңа әндер жаздық. Кейін жігіттер "бірге жұмыс жасайық, продюсеріміз болыңыз" деп ұсыныс тастады. Қазір бәріміз бірге жұмыс жасап жатырмыз"- деді Есебаев.
Айта кетейік, "Меломен" тобы 2007 жылы құрылған. Сол уақыттан бері "Меломен" елдің сүйікті топтарының біріне айналды. "О махаббат", "Арман шағала", "Келеді кездескім" сияқты әндері хит шерулерде алғашқы орындарды иеленді.