Гостиницы в Алматы
2016-02-03 10:52:13 887 0

  1. Әйел адам жатарда және ұйқыдан оянған соң 15 минутын өзіне арнауы керек;
  2. Балаларды еңбектенуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге шақыру керек;
  3. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелеуі тиіс;
  4. Заман талабы болса да, айфон, айпад дегенді балаға ұстатпау керек, оның орнына ертегі оқып, кітаптар сатып әперіңіз;
  5. Әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек;
  6. Елдің алдында «күйеуімнің қолынан түк келмейді, осыны адам қылған мен» деген әңгімелерді әйел адам ешқашан айтпаған жөн. Тура сондай болған күннің өзінде де;
  7. Ер адам ерте тұрғанда әйел адам тырайып ешқашан ұйықтап жатпауы керек. «Таңғы ас-тәңірден» деп ата-бабамыз таңғы асын отбасымен ішкен;
  8. Болашақ ана, баласының дені сау, отбасын бақытқа бөлеймін десе, денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек;
  9. Еркектер боянған, күтінген әйелдерге сұқтана қарайды. Сондықтан әйел адам әрдайым әдемі, күтінген күйде жүруі тиіс;
  10. Ер адам быттиып семірген әйелден шаршайды, фитнесске жазылып өзіңді күту - бірінші кезекте.
  11. Еркек ұрысса үндемей құтылу ләзім. Олар долы әйелдерді ұнатпайды. Кейде «сенікі жөн» деп алдай салумен де бар мәселе шешіледі;
  12. Әйел адам үйде отырып зерігіп, жаман ойға беріліп, қызғаныштың жетегіне кетпес үшін – жұмыс істегені дұрыс.

Пікір жазу