"Асыл" тобының музыкалық продюсері Фарида Ниязова бүгін дүниеге ұл әкелді. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы жақсы.
Естеріңізге сала кетсек, Фарида Ниязова алғашында халыққа "Текила" тобының әншісі ретінде танылған болатын. Кейіннен "Апашки" тобының әншісі болды. Қазіргі таңда көпшіліктің көңілінен шығып жүрген "Асыл" тобының музыкалық продюсері.
Фарида 2012 жылы Тимур есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Қос ғашық бір-бірін мектеп қабырғасынан бері таныған екен. Бүгінде олар үлгілі отбасылардың бірі.
Бақытты отбасының бүгінгі қуанышына біз де ортақпыз. Бөбектің бауы берік болсын!