Гостиницы в Алматы
2016-01-31 01:21:08 2518 1

Гүлзира Айдарбекова өз Instagram парақшасында Қайратты "мамасының баласы" деп мұқататындарға жауап берді, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 8 жаста сахнада ән салған видеосын жариялап, мынадай сөздер жазды: "Қайрат 8 жаста. Алғашқы үлкен сахнада орындаған әні - "Ана" әнімен басталып еді. "Мамасының баласы" деп қанша жерден мұқату болса да айтарым: Өмір - Ана атаулымен басталады. Анасына деген үлкен махаббаты мен құрмет көрсете алған бала жеріне де, еліне де үлкен құрметпен қарайды деп ойлаймын. Мына өлең жолдары есіме түсіп отыр:

Анасыз керек емес тақ та маған,

Адам ба ана сүтін ақтамаған?

Адам боп жүрмесең де жер бетінде,

Ананың махаббатын сақтамаған.

Азамат ұмытуға хақың бар ма?

Ақ сүтін емген ғалым, ақындар да

Көгімде ұшып жүрген бақыт құсы

Анасыз, сірә, маған жақындар ма?"

Кайрат 8- жаста. Алкашкы улкен сахнада орындаган ани,Ана-анимен басталып еди. Мамасынын баласы деп канша жерден мукату болсада айтарым : Омир, -Ана аталуымен басталады. Анасына деген улкен махаббатымен курмет корсете алган бала жеринеде, елинеде улкен курметпен карайды деп ойлаймын. Мына олен жолдары есиме тусип отыр.(Анасыз керек емес ТАК - та маган,Адам ба ана сутин актамаган. Адам боп журмесинде жер бетинде, Ананын махаббатын сактамаган .Азамат умытуга хакын барма, Ак сутин емген галым акындарда,Когимде ушып журген бакыт кусы ,Анасыз сира маган жакындарма)

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Айта кетейік, күні кеше Қайраттың "Нұр Отан" партиясының депутаттыққа үміткерлер тізімінде болуы көпшіліктің талқысына түсті. Әлеуметтік желілерде Қайрат депутат болса сұрақтарға жауап беру үшін анасын өзімен бірге алып жүре ме деген мұқату посттар да пайда болды. Ал Қайраттың өзі депутат болсам, мәдениет пен қазақ тілі мәселелерін көтеретін едім деді тілшілерге берген сұхбатында.

Пікірлер

  • Кулян
    Мәдениетті көтеру үшін ең бірінші ауылдың мәдениет үйінен бастап облысқа дейін жұмыс жасау керек Кайрат қолына микрофон үстағаннан басқа ештеңе білмейді ол бір, екіншіден өнер адамының Қайрат,Жанар Дұғалова сияқтылардың депутат кандидатының тізіміне түсу біздің саясаткерлеріміз сайлаудыда пияр еткені ғой.

Пікір жазу