Гостиницы в Алматы
2016-02-23 23:13:14 325 0

"Қазақ бұлбұлы" атанған Күләш Байсеитованың ерекше даусы талайларды таңқалдырды.  Ол жаны нәзік әйел азаматы болса да, қазақ опера өнеріне өлшеусіз еңбек қалдырған даралардың бірі. Comode сайты қазақ өнерінің бұлбұлы Күләш Байсеитова өміріндегі ерекше 10 мәліметті оқырмандарына ұсынды.

  1. Күләш Байсеитованың азан шақырып қойған аты - Гүлбахрам Беисова. Байсеитова деген тегін режиссер, актер Қанабек Байсеитовке тұрмысқа шыққан соң алған. Ал Күләш оның бала күннен келе жатқан лақап аты.
  2. Күләш Байсеитованың туған күні туралы да түрлі пікірлер көп. Негізі 6 маусым күні атап өткен. Кейін оның туысқандары 12 қаңтар деген мәлімет айтқан. Ал, Күләштің анасы кейбір деректерде 2 мамыр деген. Көптің айтуынша, Күләш көктемді жақсы көргендіктен мамырда туған күнін тойлаған.
  3. Алғашқы қойылымдарда Күләш Байсеитова ұлттық дәстүрге сай төмен дауыста ән орындаған. Көп ұзамай сопранода ән айта алатындығын көрсетті.
  4. Опера әншісі Күләш Байсеитоваға танымалдылық 24 жасында келген. Сол жасында КСРО Халық әртісі және Сталиндік сыйлықтың иегері атанды. Кей мәліметтерге сүйенсек, Күләшті "Қазақ бұлбұлы" деп алғаш Сталин айтқан деседі.
  5. Қазақ опера өнеріндегі алғашқы опера - "Қыз Жібекті" Е.Брусиловский арнайы Күләшқа жазған екен. Осы алғашқы операның жарыққа шығуына аянбай еңбек еткен. К.Байсеитова "Қыз Жібекпен" Мәскеуді таңқалдырған.
  6. Соғыс уақытында Күләш ұрыста жүрген солдаттардың көңілін көтеру үшін фронтқа барып, ән айтқан.
  7.  Күләш тек талантты әнші ғана емес, тамаша драма актрисасы бола білген. Әлемдік классикаға айналған Гогольдің "Үйлену" қойылымында Агафья Тихоновнаны, "Евгений Онегинде" Татьянаны сомдаған.
  8. Әншінің Құралай, Қарлығаш, Қаршыға атты үш қызы болған. Кіші қызы Қаршыға бала-бақшада уланып қайтыс болған. Қазаға қайғырған Күләш әпкесінің қызы Раушанды бауырына басады. Раушан да балетке қатысып, биіктерден көрінді. Қазақ КСР-нің Халық әртісі деген атаққа ие болған.
  9. Жары Қанабекпен өнерде бірін-бірі толықтырғанымен, өмірде ары-қатынастары қиындықтарға толы болған. Өнер иесінің қыздарының бірінің айтуынша Қанабек Күләш қайтыс болған соң, көп ұзамай басқа әйелмен көңіл жарастырған.
  10. Күләш 1957 жылы гастрольдік сапармен Мәскеуде жүргенде өмірден өтеді. Дәрігерлердің белгілеген диагнозы - миына қан құйылған. Бүгінде оның атымен Алматы және Астана қалаларындағы көшелер, елордадағы Ұлттық опера және балет театры мен Алматыдағы музыка мектебі аталған. Сондай-ақ, Күләш Байсеитова атындағы Мемлекеттік сыйлық пен жыл сайын дарынды өнер иесін еске алуға арналған әншілер арасындағы байқаулар өткізіліп тұрады.

Пікір жазу