Кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов «Кенже» фильмінің түсірілімін аяқтады. Бұл жөнінде кинорежиссер Forbes.kz сайтына берген сұхбатында жариялады.
«Кенже»(Кіші іні) атты фильмді аяқтадым. Бұл трилогияның сонғы бөлімі. Яғни, алдыңғы «Келін» және «Шал» фильмдерінің соңы. Сонымен қатар, фильмде мен ең соңғы нәтижелерін көрсетуге тырыстым. Онда біздің қайдан шығып, қайда барғанымыз көрсетіледі. Егер көргілеріңіз келсе кино шыққанда кинотеатрлардан көріңіздер. Әрине онда атыс, төбелес, өлім сияқты бейнелер бар. Бірақ ойланатын нәрсе көп. Экшн болғаннан кейін ол міндетті түрде болуы тиіс. Өз кезегінде «Крестный отец» фильмі экшн. Бірақ маған Копполаға дейін әлі алыс, алайда барынша тырыстым», - деді Ермек Тұрсынов.
Сонымен қатар, Ермек Тұрсынов баспасөз беттерінің біріне берген сұхбатында жаңа туындысының желісі жайлы айтқан болатын.
«Бұл үш қадам – «Келін», «Шал», «Кенже», ана, әке, ұл, таулар, дала, қала – бұл менің ұлтымның эвалюциясы тәрізді, сонау түрік кезеңінен бастап алынған тарихи үзінді. Ал мұнда мен кішкене болсын болашаққа үңілгім келді, «Кенже» - бұл біздің болашағымыздың көрінісі. Бұл болашақта бізбен не болатыны туралы менің толғанысым. Сюжеті біраз қарапайым – бұл ауылда қалып, кейін қалаға күндерін көру үшін келген ағалы-інілінің оқиғасы», - деп фильмнің желісі жайлы кішкене айтып кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Ермек Тұрсынов “Мұстафа Шоқай”, “Құрақ көрпе”, “Гүлзар”, “Апамның жұмағы”, “Кешiккен махаббат”, “Моңғол”, “Бақсы”, “Келiн” және тағы басқа көркем фильмдерге сценарий жазды. “Келiн” (2008), “Шал” (Эрнест Хемингуэйдiң “Шал мен теңiз” повесiнiң желiсiмен, 2012) фильмдерiн түсiрдi. Бiрнеше халықаралық байқаудың лауреаты. 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс туралы жазған “Мамлюк” романын жариялады.
Енді жақын арада трилогияның соңғы бөлімін көре аламыз.