12 шілде күні Ақтөбедегі №1 перзентханада өмірге келген егіздің сыңарына әнші Димаш Құдайбергеновтің есімі берілді. Жерлестерінің халықаралық “Славянский базар-2015” ән байқауындағы жеңісіне ақтөбеліктер осылайша қуанып жатыр.
Кішкентай Димаш егіздің сыңары. Өмірге қарындасы Дариядан 35 минут бұрын келген. Бірақ, салмағы қарындасынан 550 грамм жеңіл.
Ерлі-зайыптылар Алпамыс Нәсенов пен Ақмарал Жұмағалиева егіздердің есімін нағашы апалары қойғанын айтады.
-Димаштың шығармашылығымен таныспыз. Конкурсқа қатысады екен деген хабарды естісек, сырттай тілеулес болып отырамыз. Әншінің азан шақырып қойған есімі Дінмұхамбет екендігінен де хабарымыз бар. Алайда, балаға бұл есім ауырлау болады деп ойладық. Сөйтіп, жай ғана Димаш болсын деп шештік,-дейді егіздің анасы Ақмарал Аманғалиқызы.
Кішкентай Димаштың арғы-бергі тегінде кәсіби әнші жоқ. Бірақ, балалардың ата-анасы әсіресе, халық әндеріне айрықша құрметпен қарайтындарын айтады. Жас әнші Димаш Құдайбергенов халықаралық “Славянский базар-2015” ән байқауында топ жарған күні өмірге келген сәбидің сыңары Дариядан бөлек Нұрдәулет есімді ағасы бар.
Естеріңізге сала кетейік, әнші Димаш Құдайберген Витебскіде өтіп жатқан халықаралық "Славян базары-2015" конкурсының Гран-при жүлдесін иеленген болатын. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 ұпай жинады.