«Қазір оңай қарсылас қалған жоқ. Әр боксшыға тыңғылықты дайындаламыз. Ризоны да аз-кем зерттеп үлгердім. Солақай боксшы екендігі бірден өзіне назар аудартты. Тәжірибелі, әрі әккі боксшы екені көрініп тұр. Бір соққымен жекпе-жек тағдырын шешіп тастағысы келетін боксшылардың қатарынан екен. Дегенмен, егер оған төбелес керек болса, мен дайынмын. Мен де нокаутты жақсы көремін. Маған да керегі сол. Оның үстіне, Майамидегі дайындығым жақсы болды. Кубалық маман Осмири Фернандестен біраз нәрсе үйрендім. Шаршы алаңға шығып, Ризомен бетпе-бет қалуымды асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлерімді жарқын жеңісіммен қуантуға тырысамын, – деп сұхбат берген Айдар Шәрібаев өз уәдесін орындады.
Бүгінгі жекпе-жекте Орландо Ризаны жетінші раундта нокаутқа түсірді. Айдар кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.