Гостиницы в Алматы
2017-03-01 18:53:18 3123 0

Тұрсынғали Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсира Алагөзовамен татуласу үшін Алматы қалалық сотына арыз берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ажырасу туралы арызды бірінші болып 1 ақпанда Ляйсира Алагөзова берген.

"7 ақпанда азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Осыдан кейін тараптар 14 ақпанда сотқа шақыртылған. Кейін 17 ақпанда соттың кеңсесі арқылы шағымданушыдан, яғни Алагөзовадан шағым-талапты қараусыз қалдыру бойынша өтініш келіп түсті. 23 ақпанда судья істі қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды. Осылайша өнідіріс тоқтатылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Ал 14 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтен сотқа ажырасу туралы арыз түскен. "Сол күні азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Тараптар 1 наурызға сотқа шақыртылған. Осыдан кейін Алагөзовтен тараптардың татуласуына байланысты шара қабылдау туралы өтініш түскен. Бүгін тараптармен әңгіме жұмыстары жүргізілді. Ал 9 наурызда тараптардың татуласуы мәселесі қарастырылады", - деп хабарлады соттағылар. Бұған дейін Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген сұхбатында Алагөзов әйелі Ляйсира Алагөзовамен ажырасу процессінің басталғанын айтқан еді.

Пікір жазу