Гостиницы в Алматы
2017-02-08 15:15:42 691 0

Димаш Құдайбергеннің Қытай елі туралы танымы Джеки Чан киноларынан басталған. Бұл туралы ол Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездескен сәтінде айтты, деп жазады қытайлық ent.news.cn ақпараттық сайты.

«Мен кішкентай кезімнен сіздің киноларыңызды ерекше сүйіп көретінмін. Сіз түскен кинолардың дискілері үйде том-том болып тұрады. Менің Қытай елі туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталды десем, артық айтпаймын. Бала күнімізде бір-бірімізбен ойнап төбелескенде, мен үнемі «Джеки Чан» болатынмын. Бір жолы ата-анам базардан сіздің суретіңіз басылған дискі алып келіп қатты қуантқан еді. Алайда дискінің ішіндегі басқа кино болып, әке-шешеме өкпелеп қалғаным бар», - дейді Димаш Құдайберген.

Джеки и Димаш4-080217

Өз кезегінде әйгілі актер Димаш Құдайбергенге өнерін әрі қарай дамытып, әншілік пен бірге сазгерлік қырынан да көрінуін айтқан.

Джеки и Димаш3-080217

Еске салайық, Димаш Құдайберген 6 ақпан күні Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездесіп, мегажұлдызға қазақи шапан жауып, домбыра сыйлаған болатын.

Димаш и Джеки би-080217

Сондай-ақ, кездесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйледі. Оның видеосын Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов жақын күндері жария етуді Instagram-дағы тікелей эфир арқылы уәде етті.

Джеки Димаш би-080217

Бұдан бөлек, Джеки Чан Димашқа “Kung Fu Yoga” кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткен, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚазАқпарат назарларыңызға Джеки Чанның биінің толық нұсқасын ұсынады.

Джеки Димаш би2-080217

 

 

Пікір жазу