- «Мен әрқашан талантты жандарды қолдап жүрдім, Мақпал маған келгенде небәрі 20 жаста еді. Мен онымен «жанымды салып» жұмыс істедім. Көп әріптестерім «Ол толық, бұл қызды неге алдың?»,- деген өз пікірлерін айтты. Бірақ мен үшін ең маңыздысы оның өнері мен харизмасы болды. Толық болғанымен, түр-әлпеті сүйкімді болды. Ештеңе етпес, толық болса арықтайды дедім»,- дейді продюсер.
Бүгінгі таңда Мақпал Эрик Тастамбековтен кетіп, жеке шығармашылығымен өзі айналысып жүр. Продюсермен жұмыс жасаған сәттен бастап, ол нағыз жұлдызға айналған-ды. Юрмаладағы «Новая волнада» көрермендер көзайымы атанып гауһар тасты жүзік иемденгені әлі де халық жадында.
Эрик Тастамбеков: - «Қазір, менің ойымша, Мақпал өз-өзін іздеп жүр. Біресе шашын түрлі түсті етіп бояйды, қияды, қайта өсіреді. Мен оның жетекшісі болғанымда, қысқа мерзімде бірнеше образға еніп, жедел өзгеріп отыруына жол бермес едім. Оның менен кеткенінің бірден-бір себебі де осы болған. Өзінің айтуынша мен оған қатты болғанмын. Еркіндік бермей, үнемі бақылауымда ұстағанмын. Мен жағдай осылай болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ, «бұйырған кетпес»,- дейді ғой. Осылай болуы керек болған шығар»,- деп ағынан жарылды.
Оған қоса Мақпалдың экс-продюсері оның қазіргі шығармашылығы жақсы жетіліп келе жатқандығын айтты. Бірақ, оған жұлдызын жандыратын хит табылмай жүргенін жеткізді.
Ақпарат: comode.kz