Гостиницы в Алматы
2017-06-12 10:14:43 154 0

Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанды, оған балаларды суррогат ана босанып берген. Бұл туралы vesti.kz Португалияның SIC телеарнасына сілтеме беріп, хабарлады. Қыз бен балаға Матео және Ева деген есімдер берілген. Олар 8-ші маусымда дүниеге келіпті.

Футболшының өзі және оның өкілдері бұған қатысты әзірше пікір білдірген жоқ. Айта кетейік, 32 жастағы футболшының өзімен аттас баласы бар. Ол алты жаста. Бұл баланы да оған  суррогат ана босанып берген болатын.

Пікір жазу