Гостиницы в Алматы
2017-01-31 18:41:04 626 2

Әнші Жігер Ауыпбаевтың "Меломен" құрамынан кетуіне байланысты топ жанкүйерлері Baistars.kz редакциясына хабарласып, өз наразылықтарын білдірді. 

"Сенер-сенбесімізді білмедік. Осы хабарды естігелі бері алаңдаулы күйдеміз. Осыдан 1 ай бұрын көріскенде ағаларымыз топ құрамының өзгеруі туралы мүлдем ештеңе айтпаған болатын", - дейді топтың атыраулық жанкүйері Райхан Қуанова.

Тағы бір ұжым фанаты Айман Аманжолова топ құрамының өзгергенін қаламайтынын айтты.

"Топты жаңа құраммен көруді мүлдем ойлағымыз да келмейді. Себебі біз үшін əрбірінің орны бір бөлек.

Өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық қой. Сондықтан жанкүйерлердің осы сөзі ағаларымызға ой салады деген үміттеміз", - дейді ол.

Оның айтуынша, ең бастысы бұл сыбыстың қайдан, қалай шыққандығы жанкүйерлерді алаңдатуда.

"Меломен тобы қандай дегенде біздің ойымызға бірден Қайрат, Жігер, Ғабит жəне Роллан түседі. Ендігі уақытта да топты осы құраммен білгіміз келеді", - деп отыр топ жанкүйерлері.

Осыған дейін Жігер Ауыпбаевтың "Меломеннен" кететіні туралы ақпарат тараған болатын.

Пікірлер

  • Молдир Маулиханова
    Менде Жігер ағамыздың топтан кетуіне қарсымын... Мэломен тобының әрбір мүшесі Жігер,Қайрат,Ғабит,Роллан ағаларымызсыздың бәрі бізге өте қымбат..)Сондықтан Жігер ағадан сұрарымыз топтан кетпеңізші..Салеммен мэломен тобының жанкүйері Мөлдір)
  • Атадусова Зейтуна
    МелоМен-қазақ сахнасындағы өнерлі мықты топтардың бірі.МелоМеннің алар асуы әлі алда.Болашақтағы МелоМеннің жетістіктерін осы ҚАЙРАТ, ЖІГЕР,ҒАБИТ,РОЛЛАН ағаларымызбен бірге көргіміз келеді!ЖІГЕР аға топтан кетпейді деп үміттенеміз...Біз МелоМенге,ағаларға сенеміз!

Пікір жазу