75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Алжир боксшысы Ильяс Аббадиді 3:0 есебімен ұтып, жеңіске жетті.
Жәнібек осыған дейін ұлыбританиялық Энтони Фаулермен жұдырықтасып, айқын басымдылықпен жеңген болатын. Ал алжирлік боксшы Ильяс Аббади 1/16 финалда конголық Анауэль Мли Нгамисенгені 3:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін оны қазақтың талантты боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы жарыс жолынан тайдырып, үйіне медальсіз қайтарды.
Жекпе-жек үш раунд бойы қазақ боксшысының айқын басымдылығымен өтті.
Енді біздің боксшымыздың ширек финалдағвы қарсыласы Камран Шахсуварли (Әзербайжан) - Артем Чеботарев (Ресей) жекпе-жегінде белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек 2012 жылы Қазақстан біріншілігінде жарқ етіп көзге түсіп, 2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем біріншілігінде әлем чемпионы атанды. Серік Сәпиев алғаш рет әлем чемпионатында топ жарғанда 22 жаста болатын. Ал бүгінгі әлемді ауызына қаратып жүрген Геннадий Головкин мен Ердос Жаңабергенов 21 жастарында әлем чемпионы атанды. Ал Жәнібек 20 жасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ал біздің Бекзат Саттарханов батырымыз осы Жәнібектің жасында Олимпиада шыңын бағындырған болатын. Биыл Жәнібек бауырымыз тура 23 жаста. Нағыз от болып жанатын шағы. Риода қазақтың байрағын желбіретіп қайтады деген үміттеміз...
Жәнібек Әлімханұлы
Туған күні: 01.04.1993
Туған жері: Алматы облысы Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады.
Бойы: 179 см
Салмағы: 75 кг
Жетістіктері: халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен қатысуда. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде ешбір боксшымызға жолдама бұйырмай келген болатын.