Топ 2015 жылы «Орда» тобының солисі Ерболат Беделханның бастауымен құрылды. Топқа неге "Ninety One" деген атау берілгендігі жайлы продюсері былай дейді: «Ағылшыннан аударғанда 91 деген мағына береді, ал 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған. Яғни біздің әуеніміз, стиліміз бен шығармашылығымыз да еркін әрі тәуелсіз екенін айтқымыз келеді». Топ аз уақыт ішінде жасөспірімдердің көңілінен шығып, тыңдармандарын жаулап алды. Айта кетейік, топтың 2015 жылы 1 қыркүйекте шыққан «Айыптама» бейнебаяны Gakku арнасының шеруінде 11 апта бойы бірінші орыннан түспеді.
Топтың болашаққа жоспары көп. Жақында көрермендерге екінші бейнебаяннын ұсынбақшы. Сонымен қатар, жігіттер бірінші мини-альбомдарының тұсау кесерінде Қазақстанда бірінші рет фан-митинг жасамақшы.

Пікірлер