Гостиницы в Алматы
2017-02-07 21:57:29 106 0

Алматыдағы Универсиада-2017 аясында шайбалы хоккейден жартылай финал ойынында Қазақстан мен Чехия құрамалары кездесті. 

Ойын нәтижесінде Қазақстан 4:1 есебімен жеңіске жетіп, 8 ақпан күні болатын финалға жолдама алды. Ақтық кездесуде Қазақстан Ресей құрамасымен кездеседі. Ойын 15:00-де басталады.

Қазақстан - Чехия 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

Шайбалар:

0:1 — 16:14 Арност (Стестни, Кафка)

1:1 — 17:40 Савенков (Писарев)

2:1 — 30:59 Гренц (Михайлис, Ибрайбеков)

3:1 — 31:43 Акользин (Савенков)

4:1 — 42:40 Анциферов

Пікір жазу