Гостиницы в Алматы
2014-12-06 00:36:17 5774 2

Ұлықпан Жолдасов халыққа жаңа жобасы «Батыс» тобын жариялауға дайын.

 Біз бүгін Ұлықпан мырзаға қоңырау шалып, топ туралы толық мәлімет сұрадық.

«Топтың есімін «Батыс» деп өзім қойдым. Себебі, үшеуімізде батыс өңірінің тумасымыз және адемі естіледі. Ер адамдардан құралған топқа нағыз сай есім деп ойлаймын»,- деді Ұлықпан Жолдасов.

 Жаңа топтың құрамы 3 жігіттен тұрады. Ұлықпан Жолдасов, былтырғы «Қазақстан дауысы» атты музыкалық жобасының қатысушысы Бердібек Құлғараев және биылғы «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып жатқан  Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі Бауыржан Ретбаев.

Естеріңізде болса осыдан бірнеше күн бұрын біздің сайт «Заман» тобының Ұлықпан Жолдасовтан кететіндігі және «Каспий»  тобын тарқатып, жаңа топ құрғалы жатқандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда «Заман» тобының жігіттері өздері жеке жұмыс жасауда. Бірақ, үнемі Ұлықпан Жолдасовпен бірге. Жігіттер әндерін бұрынғы, яғни Ұлықпан Жолдасовтың студиясында жазады. Алайда, бұдан былай   өз табыстарына өздері қожалық етеді.

Енді Ұлықпан мырза бар күшін «Батысқа» салмақшы.

Пікірлер

  • Абай
    Лұқаң таңдаудан жаңылмайтын жан ғой. Бұл жолы да солай. Бердібек пен Бауыржан өз аудиториялары бар жас болса да талайды мойындатан мықты әншілер. Топ ғұмырлы, тұғырлы, халықтың жадында жатталар әндері көп болсын! Іске сәт!
  • Унамайды
    Улыкпан ага муныныз енди оте уят жат нарсе.... Олай болеингендей кейип танытудын кажети жок... Улкен азаматсыз, Бирак бул жолы оте оте улкен к

Пікір жазу