Расул Шыбынтайдың сценарийі бойынша түсірілетін бұл фильм қарапайым отбасы туралы, сонымен қатар үлкендердің ісіне араласып, олардың проблемаларын шешпек болған 13 жастағы жасөспірімнің өмірін баяндайды.
«Жағалау» фильмі үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін дайындық кезеңінде болады. Фильм режиссерінің айтуына қарағанда, алдын ала дайындық кезеңі барысында түсіру тобы жасөспірімдер арасында кастинг өткізіп, интерьерлік және экстерьерлік локацияларды таңдап, өтпелі кезең көріністерін түсіріп үлгерген. 2018 жылдың қаңтар айында «Жағалау» фильмінің түсіру жұмыстары жалғасады. Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өтеді.