Кейінгі кезде Instagram әлеуметтік желісінде аккаунттар жабылып қалуы, блокқа түсіп қалуы жиілеп кетті. Кейбір танымал өнер жұлдыздары да бұдан зардап шеккенін көпшілік естіген шығар. Әлеуметтік желідегі осындай техникалық мәселелердің себебін білу мақсатында біз әлеуметтік желіні зерттеп жүрген SMM маман, белгілі блогер Нұрлан Жанайға (Instagram-да: @nurlanjanai) өз сауалдарымызды жолдаған болатынбыз.
- Нұрлан мырза, Instagram-дағы аккаунттардың бұлай оңай жабылып қалуына, блокқа түсуіне не себеп?
— Instagram әкімшілігі 2014 жылдың соңына қарай профилактика жұмыстарын жүргізуде. Профилактиканың мақсаты – Instagram-дағы жалған аккаунт иелері мен боттарды анықтау. Жалған аккаунтқа көбіне танымал тұлғалардың, брендтердің атынан оларға қатысы жоқ, өкіл емес адамдар тарапынан ашылған аккаунттар жатады. Ал бот (робот деуге де болады) дегеніміз – компьютерде, интернетте түрлі функциялар атқаратын автоматтандырылған компьютерлік бағдарлама. Сол функцияларының бірі – өтірік логин және парольмен аккаунт ашу.
Instagram әкімшілігі аккаунт иесіне алдымен поштаға немесе телефонға ескерту хатын жібереді. Егер жауап болмаса, бот деп ойлайды да, автоматты түрде аккаунт иесін блокқа жібереді. Сондықтан ондай хат (суретте көрсетілген) келсе, дереу жауап беру керек.
Одан бөлек, аккаунттар бірнеше контентке қатысты себептер бойынша блокқа түсіп қалуы мүмкін. Олар мыналар:
1) Жалаңаштанған дене мүшелерін көрсету;
2) Кез келген нәсіл мен дін түрлерін кемсіту, балағаттау;
3) Қатыгездікті насихаттау.
4) Арықтауды насихаттау. Диетаға байланысты тегтер қоюға рұқсат етілмеген.
- Ал кейбір жұлдыздардың аккаунтына зақым келіп жатыр, біреулер әдейі бұзып жатқан болуы да мүкін. Бұл жайлы не айтасыз?
— Меніңше, зақым келуіне немесе оңай бұзылуына 3 себеп бар.
Бірінші, пароль өте оңай қойылған. Мысалы, бізде көпшілік туған күні мен айын, аты-жөнін жаза салады. Әлеуметтік желіде аккаунт ашқан соң, пароль күрделу болуы керек, оны ешкімге айтпау керек. Пароль қалай қиын қылып қою мен оны ұмытпау жайлы Blogtime блогтұғырында жазған болатынмын. Сол жерден оқып алсаңыздар болады.
Екінші, аккаунтты біреу ашып берген яки аккаунты басқа біреудің поштасы, телефоны арқылы ашқан. Аккаунт қай поштаға, телефон нөміріне байланған болса, сол пошта, нөмірдің адамы “Парольді ұмыттым?” (Забыли пароль?) түймесін басып, оңай басқа пароль жасап алады. Ары қарай аккаунттың ішінде суретті өшіре ме, атын өзгерте ме өзі біледі.
Үшінші, Instagram орнатылған телефон басқа біреудің қолына түсіп қалған, жоғалған болуы да мүмкін. Көпшілік адамдар өз телефондарында әрдайым әлеуметтік желілерге паролдерін есте сақтайтын етіп қояды.
- Біздің оқырмандарға қандай кеңес бересіз?
— Instagram аккаунтыңызға кіре алатын мүмкіндігіңізді сақтау үшін мына кеңестерді есте сақтау керек:
— пароль (ред. қаз. құпиясөз) міндетті түрде түрленген (сан, әріп, символдан тұрғаны абзал) және сіз үшін тез жаттанды болуы тиіс;
— профиль толтырғанда міндетті түрде өзіңіздің поштаңызды тіркеуді ұмытпаңыз;
— аккаунтты міндетті түрде ұялы телефонға байлап қойыңыз;
— егер мүмкін болса Фейсбукқа да байлап қойған жөн;
— өз аккаунтыңыздың ашылған күнін, айын, жылын жаттап алыңызда, Instagram-ға түскен суреттердің ішінен бірнешеуін сақтап қойыңыз;
— бөгде телефондар арқылы аккаунтыңызға кірмеңіз.
— бір құрылғыдан 3 аккауттан ашуға болмайды, болмаса сізді блоқка тастайды.
- Уақытыңызды бөліп, сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет.
— Сізге де рахмет!
P.S. Баршаңызды төмендегі семинар-тренингке шақырамыз!

Пікірлер