Гостиницы в Алматы
2016-03-30 11:43:22 320 2

Қазақстандық журналист Азамат Қалымбетов 30 наурызда ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz журналистің әпкесі Наталья Қалымбетоваға сілтеме жасап.

Ол бүгін таңғы 8-де көз жұмды. Қалымбетов ауыр дертті жеңе алмай, Алматы ауруханасында қайтыс болды. Әпкесінің айтуы бойынша, інісінің жағдайы соңғы кездері күрт нашарлап кеткен.

«Оның жағдайы соңғы күндері қатты нашарлап кетті, көз алдымызда солып бара жатты… Дәрігерлер құтқара алмады. Оның миында VІ деңгейлі қатерлі ісік пайда болған еді. Оңтүстік Кореяға апарып емдеткіміз келіп еді, бірақ, дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деп рұқсат бермеді», - дейді ол.

Әпкесінің айтуынша, Азамат Қалымбетовке ауыр дерт туралы диагноз, биыл, 14 қаңтарда қойылған. Оған дейін ол өзінің сырқаты туралы білмей келген.

Азамат Қалымбетов соңғы кездері "Оң-ТВ" деп атауын өзгерткен "Таң" телеарнасында жұмыс істеп жүрген.

Марқұммен қоштасу бүгін 14:00-де, Алматыдағы Қалқаман Клиникалық ауруханасының мәйітханасында өтеді. Азамат Қалымбетов өзінің туған жерінде, Оралда жерленеді. Жаназасы 1 сәуір, 10:00-де Орал қаласы, Мәметов көшесі, 111 үй, 24 пәтерден шығарылады.

Сайтымыздың атынан журналистің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Пікірлер

  • Айболат
    Иманды болсын. Әпкесі емес қарындасы. Азамат ағаның қарындасы Наташаға, анасына алла сабырлық берсін.
  • Жұмбақ жан
    Жаны жанатта болсын. Туыстарына Алла сабырлық берсін. Жақында менің ағамда осы диагноздан көз жұмды... Өкінішке орай осы ауруларды жеңу мүмкін емес екен.

Пікір жазу