Гостиницы в Алматы
2017-02-19 14:47:48 178 0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми бірінші Елші атанды. Бұл туралы ол өзінің парақшасында хабарлады. 

"Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде, "не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еңіп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие" деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануардың әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім... Қытайдың Сычуан өлкесі - жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынырақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!" - деп жазады Димаш.

Сонымен қатар ол пандаларды тамақтандырып жатқаны туралы сурет те жариялады.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші қазір Қытайдағы "Singer" жобасына қатысып жатыр.

 

 

Пікір жазу