Гостиницы в Алматы
2017-02-18 21:15:08 3376 0

Димаш Құдайбергенов "Singer" жобасының бесінші кезеңінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады. 

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов аталған турда бесінші орын алды деген ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ түсірілімі 16 ақпанда болған 6-кезеңнің де нәтижелері жарияланған болатын. Димаш "Adagio" әнін орындап, бірінші орын алған еді.

Өткен аптада 4-кезеңде қытай тіліндегі "Күзгі мұң" әнін орындаған Димаш үшінші орынға ие болды.

Димаш Құдайбергенов қазір Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр.

Димаш 4 ақпан күні шоудың үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. 28 қаңтар күні Димаш "Опера №2" әнін айтып, екінші кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Пікір жазу