Гостиницы в Алматы
2017-03-25 21:22:19 4148 0

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының оныншы кезеңінде өнер көрсетті. Ол қазақстандық ақын Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған "Ұмытылмас күн" атты әнді орындады. Шығарма - Димаш Құдайбергеновтің авторлық туындысы. 

Осыған дейін аталған турда Димаш үшінші орын алып, байқаудың финалына шықты деген ақпарат жарияланған болатын.

Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққаны жария етілді.  Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Оныншы кезеңнен кейін жарыс жолынан шығып қалған әншілерге жұбату бәсекесі болады. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.

Осы уақытқа дейін Димаш Құдайбергенов "Singer" жобасының он кезеңіне қатысқан болатын. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына да түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.

Қытай БАҚ-тарында "Димаш феномені" деген термин пайда болды. Әнші жылдың соңына дейін жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Әнші туралы барлық деректі мына жерден білуге болады.

Пікір жазу