Гостиницы в Алматы
2014-12-18 16:12:53 2864 0

Бүгін қазіргі «Хит ТВ» арнасы арқылы, одан «Super star» жобасында көрермен көзайымына айналған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының туған күні. Талантты да сұлу тележүргізуші бүгін 37 жасқа толды.

Ләйлә Сұлтанқызы 1977 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірді. 1997-1998 жылдары «Интерньюс-Қазақстан» ҚҚ телерадиожурналистика курсын оқыған. Еңбек жолын 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші болып бастаған. 1999-2003 «Шаһар» ТРК продюсері, 2003-2006 жылдары «Хит ТВ» телеарнасының директоры. 2008- жылы «Қазақстан» РТРК АҚ бағдарламалар продюсері, 2008 жылдың тамызынан қазірге дейін «Kazmedia Mobile» ЖШС Бас директоры. 2009-2011 жылдары Орындаушылар құқықтарын басқарудың Қазақстандық қоғамы, Орындаушылар Кеңесінің төрайымы. 2011 мамыр-қыркүйек айларында «Кино+сериал» баспасының Бас редакторы. Қазіргі таңда «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Сонымен қатар, продюсерлік қырынан да таныла білді. 2012 жылдың 4 мамырынан «Балапан» телеарнасын басқарып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып жүр. Бүгінде Ләйлә Сұлтанқызы аяулы ана, асыл жар. Қайрат есімді жұбайы бар. Ләйлә ханым мен  Қайрат мырзаның бүгінде Сағадат және Сардар есімді 2 ұлы бар.

Бүгінгі дүние есігін ашқан күнімен Ләйлә Сұлтанқызын барша әрітестері мен достары Instagram әлеуметтік желісінде жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады. Біз де туған күн иесін бүгінгі айтулы күнімен құттықтаймыз. «Әйел адам үнемі күліп жүруі керек» деген қағиданы ұстанатын тележүргізушіге шығармашылық табыстар мен отбасына баянды бақыт тілейміз!

Пікір жазу