Гостиницы в Алматы
2017-02-20 03:05:13 491 0

Димаш Құдайбергеновтің бала кезінде Қазақстан-Ақтөбе жергілікті телеарнасына берген сұхбаты жарияланды. 

Сұхбат осыдан 10 жыл бұрын алынған. Димаштың жасы ол кезде 13-те болған екен.

Болашақ "Singer" жобасының қатысушысы жүргізушінің сұрағына толық жауап беріп отыр. Қазақтың ұлы тұлғалары туралы әңгіменің арасында Димаш Абай Құнанбаев, Әлия мен Мәншүкті үлгі тұтатынын айтады. Сонымен қатар ол ата-анасы мен ұстаздарына ерекше алғысын білдірді.

"Менің басты арманым – қазағыма үлесімді қосып, пайдасына жарасам, менің ең басты арманым сол", – дейді 13 жастағы Димаш.

Бала Димаш өнермен қатар таэквондомен айналысатынын да атап өтті.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші қазір Қытайдағы "Singer" жобасына қатысып жатыр.

Пікір жазу