Бүгін Астана қаласында қазақ халқының негізгі құндылықтары— ертегілер мен аңыздардың жаңғыруына ұйытқы болған «Aray Media Group» студиясының бастауымен «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты сайттың тұсаукесер рәсімі өтті.
www.ertegiler.kz желісі — еліміздің өнер шеберлерінің қатысуымен дайындаған қазақтың халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудио-нұсқасынан тұрады. Желінің бетпердесі үлкен мен кішіге де өте түсінікті әрі ыңғайлы жасалған. Әр жұлдыздың астында онлайн тыңдау, жүктеп алу немесе мобильдік қосымша арқылы жүктеуге арналған батырма бар. Қазір өңделген он екі ертегі бар, жаңа жылға дейін барлығы 24 аңыз-ертегі шығады. Itunes-тан подкаст арқылы немесе сайттан тікелей жүктеп алуға болады.
Жоба «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» атты бағдарламасы аясында жарық көрді. Сонымен қатар, бастаманы қолдаған «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қоры.
Сайттың тұсаукесер рәсімі журналисттер, блогерлер және арнайы шақырылған жобаны қолдаған өнер шеберлері: Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина, Балғынбек Имашев, Нұрлан Қоянбаев, Әли Оқапов, Сүндет Байғожин, Жанар Дұғалова, Тұрсынбек Қабатов, Әлия Әнуарбек, Гилмира Сарина, Жанар Айжанова, Майя Веронская, Нұрлан Әлімжанов, Алмас Кішкенбаев, Досымжан Таңатаров, Салтанат Бақаева, Айгерім Есенәлі, Досымжан Таңатаров, Гүлмира Сарина, Ардақ Балажанованың қатысуымен өтті.
«Мобильдік қосымша қаңтар айынан бастап әске қосылады. Енді өзіңізге ұнаған ертегіні жүктеп алуға мүмкіндік болады. Бұл жоба - бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық сыйлық болатынына сенім артамыз», дейді бастама авторы «Aray Media Group» студиясының өкілдері.
Сонымен қатар, жобаға қатысқан өнер жұлдыздары да жоба жайлы өз ойларымен бөлісті.
Қазақстандық жұлдыздардың ерекше мәнерге салып оқыған аңыз бен ертегілерінің басым көпшілігі қалың жұртқа ертеден таныс. Мысалы, «Ұр, тоқпақ» ертегісін белгілі тележүргізуші, «Балапан» арнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы оқыды: «Осы ізденіс зая кетпеу керек. Өскелең ұрпаққа, модерн заманының кішкентайларына қарапайым тілмен тыңдап отырып, ертегіні елестете алатындай оқып берсеңіз, бала оны тамаша қабылдай алады».
Қарақат Әбілдина: «Қолымыздан келгенше қазақы тәрбие беруге, балаларымызды қазақша өсіруге бар күшімізді саламыз. Басқаша болуы да мүмкін емес. Сондықтан бұл жобаның жас ұрпаққа берер пайдасы мол деп есептеймін».
Әзіл-ысқақ театрының әртісі Тұрсынбек Қабатов: «Мен әзіл-шыны аралас ертегіні оқып отырып, мұны бала кезде тыңдағанымды еске түсірдім. Үйде төрт балама міндетті түрде айтып беремін. Бала ертегі тыңдап өссе, оның ертеңгі күні жақсы болатынына кепілдік туады».
Сондай-ақ, жобаға атсалысқан барлық жұлдыздар ерекше бастамаға қызығушылық танытып, ақысыз қатысқанын атап өту керек.
Жобаның бүлдіршіндерге берері мен үйретері мол болар деген сенімдеміз!