Гостиницы в Алматы
2016-04-11 12:10:36 632 2

Премьера! Махаббат по расчету

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекетік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында премьера!

11 сәуір, 18:30-да режиссер Сұлтан Сраиловтың МАХАББАТ ПО РАСЧЕТУ криминалдық драмасы қойылады. Басты рөлдерде: Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаттары – Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов, Гүлбаһрам Байбосынова, Дәстен Шәкіров, Динара Абдуллина. Продюсері – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Әбдіқалықов;

Бір-бірі үшін жанын қия алатын айырылмас достар – бір мезетте серттен тайып кететініне сенер ме едіңіз?!

Демалыстарын саяжайда керемет өткізгісі келген қаланың сауықшыл жастары аяқ астынан шытырманға толы оқиғаға тап боламыз деп ойламады да...

Расында, өмір біз ойлағандай қуанышты сәттерге толы емес, бірақ шыжығы да аз емес. Бір-ақ түнде бүкіл өмірі күрт өзгерген кейіпкерлердің кейінгі тағдыры қалай болмақ?..

Есеппен махаббат құру заманның талабы ма, қоғамның қажеттілігі ме? «Махаббат по расчету» қойылымы сол сұрақтарға жауап іздейді.

Жүректің тап-таза сезімін тәрк етіп, талай шытырман оқиғаларға жетелейтін бұл қойылымды сіздер де көріңіздер! Бірге ойланайық...

Пікірлер

  • Айдын Үркімбай 2016-04-12 17:29:38
    Кеше бас қосып, осы премьераға барып қайттық. Өте тамаша қойылым. Маған өте ұнады. Барлығы дарынды, білімді, талантты жас әртістерді көре қуандым. Әлі талай белестерді бағындырып және өз ісінің хас шебері боларына сенемін.
  • Айдын Үркімбай 2016-04-12 17:47:08
    Кеше бас қосып, осы премьераға барып қайттық. Өте тамаша қойылым. Маған өте ұнады. Барлығы дарынды, білімді, талантты жас әртістерді көре қуандым. Әлі талай белестерді бағындырып және өз ісінің хас шебері боларына сенемін.

Пікір жазу